Оралдық педагогтар Алматыда болып, тәжірибелерін толықтырды

Оралдық педагогтар Алматыда болып, тәжірибелерін толықтырды

Орал қаласы мектептерінің директорлары мен орынбасарлары «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының «Басқарудың жаңа моделі» курсы бойынша Алматы қаласындағы ең үздік 10 мектептің моделімен танысты.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Әр мектеп таңдалған моделіне байланысты оқу бағдарламасын әзірлеу, оны жүзеге асыру, HR саясатын құру, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Осы ретте Гүлмира Курганбаева, Назым Арзимбетова, Әсем Арын (Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), Дидар Марданов («Талапкер» білім беру қоры), Ольга Пак, Адиль Тудияров ( NGS Жаңа ұрпақ мектебі), Олег Пак (Ш.Уәлиханов атындағы мектеп), Жанар Кулиева (Tamos Education мектебі), Гүлмира Канай (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) сынды білім саласындағы үздік менеджерлер болашақтағы оқу үрдісіне жаңаша бетбұрыс жасауға негіз салды. Бұл сапар туралы оралдық мектеп басшылары өз әсерлерімен бөлісті.

№12 орта мектептің директоры К.Хайранова: – Күзгі мектеп сессиясы аяқталды. Республиканың үздік мектептері мен жоғары оқу орындарының жұмысымен танысуға бірегей мүмкіндік болды. Біз жаңа біліммен, түрлі әсерлермен оралдық. Тренинг бағдарламасы мазмұнды және қызықты болды. Идеологиялық дем берушілер Гүлмира Аманжолқызына, Ақжарқын Мүтиғоллақызына «пайдалы демалыс», тамаша ұйымдастырылған маршрут үшін алғыс айтамыз, – деді.

Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Б.Жұбашева: – Орал қаласының директорлары мен олардың орынбасарларына арналған «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының Күзгі мектебі жан-жақты дайындықпен ұйымдастырылған тағылымды, мазмұнды іс-шара болды. HIGH TECH AKADEMY, HGS, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп, TAMOS education, AImaU, NIS жекеменшік мектептеріне барғанымыз ұмытылмас әсер қалдырды. Кездесуді ұйымдастырушылар рухани азыққа да мән берді. Осы ретте Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болып, «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашаладық. Бірақ біз үшін ең бастысы, мектеп пен бизнес арасындағы табысты өзара әрекеттестікке қол жеткізген мұғалімдермен, білім беру ұйымдарының басшыларымен және құрылтайшыларымен қарым-қатынас және тәжірибе алмасу. Әрқайсымыз өзіміз үшін және мектебімізге өсу мен даму нүктесін белгіледік, – дейді.

Еске сала кетсек, Орал қаласы білім беру бөлімі «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының бастамасымен мектеп басшылары мен педагогтары үшін басқару құзыреттіліктері және жаңа педагогиканы оқытуға арналған жобаны қолға алған болатын. Жобаға қаладағы 30-дан астам мектеп қатысуда.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 101
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817