Орта, шағын кәсіпкерлікті қолдау табысқа жеткізеді

Орта, шағын кәсіпкерлікті қолдау табысқа жеткізеді

Қалада шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2024 жылға 21,7 млрд, оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2024 жылдың 5 айда атқарылған жұмыстары туралы есебінде айтылды. Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары бекітілген индикаторлар бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды баяндап, 2024-2028 жылдарда іске асырылатын жобаларды атап өтті.Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2024 жылға жалпы 7 нысаналы индикатор бекітілген. Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған. 20 ірі, 45 орта және 837 шағын өндірістердің өнімі 2024 жылғы қаңтар-мамыр айларында 424,7 млрд теңгенің өнімін өндіріп, алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 3,8 пайызға төмендеген. Өндірілген өнімнің төмендеу себебін басқарма басшысының орынбасары Ермек Тұрманов Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылуымен түсіндірді. Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі 94,5%-ды құрап отыр. Соңғы бес айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 203,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4 пайызды құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі – 29,5 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар – 174,2 млрд теңге. Жалпы, 2024 жылы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 28,2 %-ға артық. Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясы болып табылады. Президент тапсырмасы аясында атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде қала аумағында бүгінде 130,9 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында 2024 жылға 21,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд теңге. Қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 3320 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілді.

25.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 101
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 167
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 148
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 561
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 529
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 551
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 548
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 543
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 560
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 547

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9795
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9167
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12404
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10171
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11380