Орталық саябақ құрылысы қашан аяқталады?

Орталық саябақ   құрылысы қашан аяқталады?

Атырауда салынып жатқан Орталық саябақтың құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы аумағы 4 гектар болатын жаңа саябақ өңірдің тарихы мен мәдениетін дәріптейтін сәулеттік композицияларымен ерекшеленеді.

Мұнда өңірдің еңбек адамдарына құрмет ретінде мұнайшылар мен балықшыларға арналған монументтер орнатылған. Ал Жайықтың символы саналатын бекіре бейнесіндегі субұрқақ саябақтың көркін айшықтайтын ерекше нысандардың біріне айналмақ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, саябаққа инженерлік инфрақұрылым толық тартылған. Қазір ойын алаңдары жасақталып, абаттандыру жұмысы жүріп жатыр.

Жаңа демалыс орнында балалар мен ересектерге арналған спорттық алаңдар да қарастырылған. Сонымен қатар аумаққа бес субұрқақ орнатылған.

Бұдан бөлек, саябаққа қазақ халқы үшін киелі саналатын киік мүсіндері қойылған. Бұл шешім ұлттық құндылықтарды дәріптеп, табиғатқа деген құрметті насихаттауға бағытталған.

Заманауи инфрақұрылым мен ұлттық нақыш үйлесім тапқан жаңа Орталық саябақ пайдалануға берілгеннен кейін тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс және серуендеу орындарының біріне айналмақ.

 

А. ХАМИТТЕГІ
18.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25935
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25380
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42784
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38614
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43181