Орыс мектептерінде шәкірттер неге қазақ тілін білмейді?

Орыс мектептерінде шәкірттер неге қазақ тілін білмейді?

Іссапарда жүргенде, әсіресе Солтүстікте, Шығысқа барғанда орыс мектептеріне кіріп, олардың, яғни балалардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру деңгейін білуге тырысамын. Жоғары сыныптағы оқушыларға қоятын сұрақ біреу: қазақ тілін білесің бе? Менің таң қалатыным он, он бір жылдың ішінде егер шын ниет етсең қандай да бір тілді меңгеріп, ең құрығанда ауызекі сөйлеу дәрежесіне жетуге мүмкіндік те, уақыт та бар. Өкініштісі қанша мектептерге кіріп, жоғарыдағы сауалды қойғанда олар төмен қарайды. Содан қарапайым сауалдарды қоясың. Бәрібір білмейтін адам не айтсын?

Қалайша бұған таң қалмайсың? Қалайша оларға ренжімейсің? Оларға мемлекеттік тілді білуге барлық жағдай, мүмкіндік жасалған. Қазақ тілі пәні сонау бірінші сыныптан бастап оқытылады! Арнаулы ұстаз сабақ береді, үйретеді. Бірақ оқушылар қазақ тіліне тым шорқақ. Неге? Осы сауалды өзіме де, ұстаздарға да, басқа да зиялы қауым өкілдеріне қоямын. Олар иықтарын қиқаңдатады. Ау, бұған нақты, тиянақты жауап беретін пенде бар ма? Содан соң ойланасың. Оның бірнеше себептері болуы мүмкін. Біріншіден, ұстаздардың үйрету әдістемесі әлсіз. Екіншіден, ұстаздың балаларға үйретудегі тәжірибесі аз. Үшіншіден, оқушылар қазақ тілін менсінбейді немесе бұл мемлекеттік тіл деген дардай аты болса да оның өмірде мүлдем қажеттілігі жоғын олар жақсы біледі. Төртіншіден, қазақ тілі пәні нағыз, негізгі пән ретінде қарастырылмаған. Бесіншіден, оқушылардың ол пәнге деген жауапкершілігі аса жоғары болмағандықтан, сондай-ақ ұстаз директордың қысымымен қазақ тілін білмесе де оларға жоғары бағаны қоюға мәжбүр. 

Негізгі себеп біздіңше билікте жатыр. Билік өзінің мемлекеттік тілге деген мәжбүрлікті тудыруға қауқарсыздық танытып отыр. Отыз жылда мемлекеттік тілді аю да үйренетіні айдай анық нәрсе. Бірақ орыс мектебіндегі оқушылар түгіл үлкендердің өзі Өмір сабағына онша мән бермей отыр. Жауапкершілік жоқ. Немқұрайдылық бар. Билік тағы да халықтың маңдай терімен келген ақшаға жаны ашымайды. Өтірік, жалған, қауқарсыз бағарламаларды ойлап тауып, оны өздері орындамайды. Міне, қандай парадокс! Ал ол бағдарламаларға миллиардтаған қаржы бөледі. Бірақ «баяғы жартас – бір жартас» демекші мемлекеттік тілді үйрену бір орында тапталып тұрғанына қаншама уақыт өткенін бағамдай беріңіз. 

Тағы да басты мәселе билік мемлекеттік тілде сөйлемейді. «Балық басынан шіриді» демекші Президентіміздің өзі орыс тілінде сөйлегенді жақсы көреді. Содан соң мемлекеттік тілдің жағдайы қайдан оңсын! Орыс, аралас мектептерінде де, парламентте де, ресми жиналыстарда да орыс тілі төрде отырады. 

Жаңа Қазақстанды құру мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруден басталуы тиіс. Әйтпесе ешқашан жаңармаймыз. Жаңару балабақшалардан, мектептерден басталсын! Әйтпесе... әйтпесе...

 

Ертай Айғалиұлы
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9177
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8575
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11804
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9573
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10783