Жуырда М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Жур налистер Одағының мүшесі, Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы, белгілі жур налист, ақын Кәріпжан Нүсіптің 85 жылдығына орай «Кәріпжанмен сырласу» атты әдеби мюзикл кең көлемде аталып өтті.
Әдеби мюзикл ақынның шығармашылығына арнайы жасалған «Өлмес, өшпес талант иесі» атты көрме инсталляциясына шолудан басталды. Кәріпжан Нүсіпұлының шығармашылығы на арналған мюзиклдің шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Исмайл Қайрат Әбіханұлы ашып беріп, ақынның әр алуан лирикалық өлең дерінің жастар үшін тәрбиелік маңызы зор екенін атап айтып өтті. Шараға Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ның директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бижа нов Қожайхан Қазыбайұлы, зейнеткер, ақынның қарындасы Күміс Нүсіпқызы, Жамбыл телеви зиясының алғашқы бас режиссері, телевидение ардагері, ақынның жиені Қаржаубай Керімбаев, Тараз қаласындағы білім бөліміне қарасты №40 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, ақын ның қызы Намазбаева Айназым Кәріпжанқызы, жеке кәсіпкер, ақын шаңырағының отын өшірмей отырған қызы Атабаева Гүлназым Кәріпжанқы зы, сонымен қатар Кәріпжан ағамыздың шәкірті, журналистер қатысты. Аталмыш кездесу кешіне келген көпшілік ке ақынның өмір және өнер жолын баяндайтын бейнебаян көрсетілсе, кітапханашылар мен оқы рмандар ақынның жүрекжарды жыр шумақтарын оқыды.
Сондай-ақ «Біз екеуміз» атты сахналық қойылым көрерменге жол тартты. Кәріпжан Нүсіпұлы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Ленин атындағы қой кеншарының №3 бөлім шесінде (қазіргі Қорағаты ауылы) 1940 жылдың наурыз айының 13 жұлдызында дүниеге келген. Ақын ұзақ жылдар бойы баспа орындарын да қызмет етіп, журналистің ауыр жүгін арқалап жүрсе де, поэзиядан – қазақтың қасиетті қара өлеңінен қол үзбеген талантты жандардың бірі. 2000 жылы Алматы қаласындағы «Ақ жол» өндірістік кооперативі баспасынан ақынның «Өмір өрнектері», «Өнер деген өлке бар» және балаларға арналған «Балаларға байғазы» жыр жинақтары жарық көрді. Ал «Сырсандық» деп аталатын ақынның жаңа жинағына әр жылдары жазған лирикалық өлең дері мен толғаулары, балладалары, төрттағанда ры енді. Онда замандастарымыздың ерлік еңбегі, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі, тылсым табиғат сырлары егемен ел бейнесі жырланады. Тағылымы мол іс-шарада Кәріпжан ағамыз дың замандастары – Қожайхан Қазыбайұлы, Тұр сынхан Есімқұлұлы, сонымен қатар бүгінгі кеш тің қонақтары Хамит Ерболатұлы және ақынның шәкірттері – Қамар Қарасаева, Табиғат Абаилда ев және ұл-қыздары мен бауырлары жылы лебіз дерін білдірді. Кәріпжан Нүсіпұлының «Кәріпжанмен сыр ласу» атты әдеби мюзиклде кітапхана қызметкер лерінің орындауында ақынның сөзіне жазылған «Серіктесіп жүрейік» әні шырқалып, көрермен дер жүрегінен орын алды. Ақынның әр өлеңінен адамдықтың, адал дықтың самалы есіп тұратын, оқырманын қа шанда әділдікке, парасаттылыққа, шынайылыққа жетелейтін Кәріпжан Нүсіптің шығармашылығы мәңгілік жасай бермек. Қашан да қазақы болмысынан айнымаған ақынның мерейлі белесі өзінің туған халқымен жоғары деңгейде аталып өтті.