Отбасын қорғайтын заң кімді кімнен қорғайды?

Отбасын   қорғайтын   заң кімді кімнен қорғайды?

Иә, көптен күткен, біраз шулатқан заңға ақыры қол қойылды. Бұл заң оңайшылықпен шыққан жоқ. Себебі үміт пен күдікке толы заң жобасы болды. Екі жақты текетіреске түсіп, біразға дейін кім жеңетініне ешкімнің көзі жеткен жоқ. Осы заң өмірге келсе, онсыз да еркекпен құқықтары тең әйелдер жағы біржола әспенсіп, дес бермей ме деп қорықтық. Нәзік жанды әйелдер жөнінде, оларға жасалып жатқан зорлық-зомбылық туралы күні-түні теледидарда, радиода, бүкіл ғаламторда айтылып, көрсетіліп жатты. Еркектер, қысқасы, зорлық-зомбылықтың символына айналды. Тырнақ астынан кір іздегендей небір қорқынышты видеолар қаптап кетті. 

Енді міне түк болмағандай жап-жаңа заң алдымызда жатыр. Елдің, әсіресе еркектердің қаупі зор. Бұл жуас емес, қатал заң болғалы тұр-ау, сірә. Онсызда ақбөкендер сияқты жер дүниеге сыймай жүрген еркек байғұстардың жағдайы не болар екен? Несі бар, әйелдердің алдында жусаннан аласа, бетегеден биік болып күн кешеміз де. Сонда құда да тыныш, құдағи да тыныш. Құл болу, болмау өзіңнің қолыңда емес пе? Құл емес, қу болуға тура келеді. Тек бір ығытын тап. Сонда өгіз де өлмейді, арба да сынбайды.

Жә, бұл мәселені осылай жеңеміз. Балаларымыздың жағдайы қалай болмақ? Батыста айтылып жүрген мәселелер осы заңымызда бар ма? Еуропада балаларға айқайлай алмайсың, маңдайынан шертсең, құрыдым дей бер. Мына бір мысалға көңіл аударыңыз. Жақында мен оны фейсбук деген «өсекшінің» кір басқан айнасынан көріп, оқып шошып кеттім. Таксист бір қазақ келіншекті мінгізіп, оның зарын тыңдапты. Әлгі намыссыз қарындасым Италия жігітіне тұрмысқа шыққан. Өзі Норвегияда тұрады екен. Екі қызы бар. Бірде үлкен қызына ашуланып айқайлап ұрсыпты. «Сучка», «сволыш» деген орыстың сөздерін де аямай айтқан. Ертеңіне әлгі келіншекті мектепке жиналысқа шақырған. Қызы топ ортасында бұған тіксіне қарап отыр. Мектеп мұғалімдері, заң орындары әлгі келіншекті ортаға алып әбден сілкілеп, зорлық-зомбылық жасады және басқа да баптары бар заңмен келіншекті ауыз аштырмай бір бұрышқа тақап, әбден есін шығарады. Жалынып-жалпайып әлгі келіншегіміз қызынан, мұғалімдерден, басқа ата-аналардан кешірім сұрап,  бірінші рет және соңғы рет ескерту алған келіншек үйіне тәлтіректеп әзер жетіпті. Бұл –  бұл ма, егер осындай жағдай енді қайталанатын болса, келіншекті жазалап, қыздарын полицеймен, яғни арнаулы баппен ың-шыңсыз тартып алады екен. Одан кейін оларды көрмейсің! Міне, содан бері келіншек балаларына ауыр сөз айтпақ түгілі, дауыс та көтере алмайтын пұшайман халге түскен…

Бұл – Батыстың заңы! Ал мына шыққан заң не дейді? Қазақстанның заңы да ол заңның ол жақ-бұл жағы деседі. Абайлайық! Сақ болайық! Дегенменде бұл заңның жақсы қырлары бар. Педофилдер өмірбақиға сотталатын болды. Суицидке де арналған бап та көңілді жылытады. Біз қазақ не көрмеген, басынан не кешпеген халықпыз. «Көппен көрген ұлы той» демекші, тәуекел дейміз. Бәлкім, әділетті Қазақстанның алғашқы нышандары осы болар…

 

16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 50
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 47
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 35

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1583
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7616
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11493
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7659
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7818