ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ

ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Отырарда «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында сенбілік өтті. Маяқұм, Аққұм, Ақтөбе ауылдарында ұйымдастырылған шара барысында саябақтардағы ағаш-талдардың түбі әктеліп, белгіленген аймақтарда көшеттер егілді.
Сонымен қатар орталық көшелердегі аялдамалардың қасбеті реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұған дейін ауылдарды көгалдандыру мақсатында арнайы белгіленген жасыл алқаптар қоршалып, көшеттер егілген болатын. Бүгінде Аққұм ауылында 1000-нан аса көшет, Маяқұмда 1500, Ақтөбеде 1300-ге жуық көшет көгеріп тұр.
«Егілген ағаштарды күтіп ұстау ең басты мәселе. Бүгін егілген ағаштар келешекте талай адамға сая болып, аптап ыстықта жанға жайлылық сыйлайды», дейді тұрғындар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 18
ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 48
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 30
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 55

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1204
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7249
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11115
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7314
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7460