Отыз гектар жоңышқалықты жаңбырлатып суарады

 Отыз гектар жоңышқалықты жаңбырлатып суарады

Мемлекет басшысының төрағалығымен жақында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында су қауіпсіздігі саласындағы қауіп-қатер деңгейінің артып келе жатқаны сөз болды. Президент экономиканың барлық саласында, әсіресе, агроөнеркәсіп кешенінде суды үнемді пайдалану және су шығынын азайту үшін жүйелі тәсілдер қажет екенін атап көрсетті.

Себебі, тоғандардың және су ресурстары шығынының негізгі бөлігі осы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Су үнемдеу технологиясын енгізу және суды тиімді тұтынуды экономикалық тұрғыда ынталандыру шараларын дамытумен қатар, су шаруашылығы инфрақұрылымын, атап айтқанда, суды пайдалану мөлшерін есептеу, мониторинг жүргізу және болжам жасау ісін цифрландыру ісі жақсарып келеді.

Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне дейін шығарылған су қауіпсіздігін шешуді Түркістан ауылдық округінің Асхат Сейілбеков басшылық жасайтын «Әбілқайыр» шаруа қожалығы қолға алды. Ол былтыр «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы облыстық филиалынан 7 миллион теңгеге лизингке жаңбырлатып суару құрылғысын алады. Биыл іске қосып, отыз гектар алқабын жаңбырлатып суара бастады. Округ бойынша су үнемдеу технологиясын пайдалана бастаған шаруаға басқа да әріптестері қызығушылық танытып, егін алқаптарына су үнемдеу технологиясын енгізуге ниеттеніп отырған көрінеді.

– Асхаттың шаруашылығында 188 гектар егістік, 130 гектар жайылымдық жер бар. Іскер, жаңашыл жігіт. Осыдан екі жыл бұрын сыйымдылығы 300 тонна астық сақтайтын қойма алды. Ал, биыл лизингке тағы да «Беларус-952,2» әмбебап тракторын алып, шаруашылығын заманауи үлгідегі техникамен қамтамасыз етуде. Қырықтың қырқасына енді шыққан азаматтың алар асуы, шығар шыңы әлі алда, – дейді ауылдық округ әкімі Ақан Шортанбаев.

Ауданның басқа ауылдық округтерге қарағанда жауын-шашын мол түсетін Көсегенің көк жонындағы іргелі шаруашылық алғашқылардың бірі болып су үнемдеу технологиясын енгізіп жатқанда, басқа шаруашылық құрылымдары да өміршең жобаны қолға алулары қажет- ақ. Оның үстіне, қай заманнан шалғайдағы Сарысуда су тапшы болып келгені шаруа қауымның есінен шықпаса дейміз.

Амангелді ӘБІЛ Сарысу ауданы
23.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 379
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9041
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646