Өзбекстанда қанша қазақ тұрып жатыр?

Өзбекстанда қанша қазақ тұрып жатыр?

Елордадағы Өзбекстан елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев: «Қазіргі таңда Өзбекстанда 822 мың қазақ өмір сүріп жатыр. Олар Өзбекстан елінің дамуына өз үлесін қосуда. Біздің елде 400-дей мектеп қазақ тілінде білім беріп жатыр. Сонымен қатар, Өзбекстанның 7 жоғары оқу орнында гуманитарлық және техникалық мамандықтар қазақ тілінде үйретіліп жатыр. 1992 жылдан бері Өзбекстанның 30 облыс орталығында қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп тұр. Биылғы 6 ай ішінде Қазақстан мен Өзбекстан елі арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд АҚШ долларға жетті. 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан республикасы жылы аталып өтілді. Айтулы жыл аясында Қазақстанда түрлі бағыттағы 90-нан астам іс-шара ұйымдастырылды. Сәйкесінше, 2019 жылы біздің елде Қазақстан жылы аталып өтілді және оның аясында 80-нен астам іс-шара өтті. Екіжақты өткен іс-шаралар саяси, ағарту, мәдени және гуманитарлық бағытты меңзеді. Өкінішке қарай, 2020 жылы пандемияға байланысты екіжақты іс-шараларды тоқтата тұруға тура келді. Дегенмен екі ел арасындағы өзара байланыс тоқтаған емес. 600-ден астам қазақ Өзбекстанның мемлекеттік наградасына ие болды.»,— деп мәлімдеді. Одан бөлек, Өзбекстан елшісі екі ел аумағында бірлескен фармацевтика өнеркәсібін ашу жоспарланып жатқанын айтты.

Ермек Сахариев
25.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 565
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 452

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28810
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41691
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46389