Өзекті мәселелер де, жетістіктер де бар

Өзекті мәселелер де, жетістіктер де бар

Өткен аптада «Ауыл – ел бесігі» экспедициясы Қызылорда облысының елдімекендерін аралады. Топ өз жұмысын Шиелі ауданындағы Жөлек ауылынан бастады. Экспедиция жетекшісі, «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы экспедицияның мақсатын – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына қолдау білдіріп, тұрғындар тыныс-тіршілігімен танысу, өңірдегі ауылшаруашылығы, мәдени-әлеуметтік жетістіктерді ақпарат құралдарында жариялап, насихаттайтынын айтты. Орталықтан алыс елдімекенде өзекті мәселе баршылық, оны тұрғындардың өз аузынан естіген топ басшысы айтылған жайларды сарапқа салып, тиісті министрліктерге хабарлайтынын жеткізді. Экспедиция ауыл тұрмысындағы шешімін таппай отырған көп мәселені көтерді, оның ішінде жүзеге асқандары да баршылық.

Қызылорда облысында бұл іс-шара 5 күнге созылып, аудан әкімінен бастап қарапайым адамдарға дейін ешкім назардан тыс қалған жоқ,.Әсіресе мәслихат депутаттары мен жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесуге көп көңіл бөлді. Экспедиция облыстың барлық аудандарын аралады. Оның құрамында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Қасымов, Ауылшаруашылығы басқармасының қызметкері Звайда Садақбаев, басылымның өңірлік тілшісі Анархан Марданова болды.

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесулерде елдегі қордаланған мәселелер қаңтар айында түрлі министрлік өкілдері, қоғам белсенділері мен Сенат, Мәжіліс депутаттарының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін дөңгелек үстелде талқыланбақ. Қазір экспедицияның  бірнеше тобы басқа өңірлерді аралап жүр.

 

Анархан Марданова, Қызылорда облысы
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 204
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 44
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 219
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 236
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 207
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 202
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 226
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 215
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 223

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10500
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9481
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12716
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11686
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16699