Ozon Қазақстанда тапсырыстарды табыстауорындарының желісін 10 есе кеңейтіп, жергіліктісатып алушыларға бөліп төлеуді қамтамасыз етеді

Ozon Қазақстанда тапсырыстарды табыстауорындарының желісін 10 есе кеңейтіп, жергіліктісатып алушыларға бөліп төлеуді қамтамасыз етеді

Бұл туралы маркетплейс өкілдері 29 маусымдаҚазақстан кәсіпкерлеріне арналған COM.E ON Алматы алғашқы Ozon форумында айтты

Форумда Ozon көшбасшылары жыл соңына дейінкомпанияның сатып алушыларға арналған тапсырыстардытабыстау орындарының желісін 10 есе кеңейтугежоспарлап отырғанын айтты. Жаңа орындарҚазақстанның бүкіл аумағында үлестіріліп, бұлмаркетплейске ел ішінде тауарларды жеткізугеографиясын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

 


Қазақстандағы
 Ozon бас директоры МөлдірРысалиеваның айтуынша, тапсырыстарды табыстауорындары — бұл Ресейдегі маркетплейс сатыпалушылары арасындағы ең танымал жеткізу арнасы. «Ресейлік клиенттердің 85%-дан астамы өзтапсырыстарын рәсімдеп, өздері алып кетеді. Ресейдегілогистикалық желіміз ел тұрғындарының жартысынанкөбі 10 минуттық жаяу қашықтықта орналасқан Ozonтабыстау орындарына бара алатындай етіп жасалған. Бүкіл елдегі сатып алушыларға тапсырыс беріп, олардыалып кетуге ыңғайлы болу үшін Қазақстанда дәл осындайинфрақұрылымды жасағымыз келеді», –  деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Ozon 2023 жылы Қазақстандық сатыпалушыларға бөліп төлеу және кредит сияқты қаржылыққызметтерді іске қосуды да жоспарлап отыр. Жаңақаржылық және техникалық шешімдердің интеграциясыкомпанияға орташа чекті ұлғайтуға және аймақтағы сатукөлемін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстандағы стратегиялықмақсаттарымыздың бірі — клиенттергемаркетплейс ішіндегі ыңғайлы сервистерді, соның ішінде оларды ыңғайлы шоппингкеқажеттінің барлығымен қамтамасызететін қаржылық және техникалықшешімдерді ұсыну. Бөліп төлеу — Қазақстандағы өте танымал өнім. Бұлсервистің іске қосылуымен біздің сатып алушыларымызөздерін және жақындарын жанға жайлы сатыпалуларымен жиі қуантып, ал жергілікті сатушыларалаңшадағы тауар айналымын арттырып, клиенттікбазаны кеңейте алады деп үміттенеміз», –   дептүсіндірді Мөлдір Рысалиева.

Ozon Қазақстан нарығына 2021 жылдың екіншіжартысында шықты. Компанияның Қазақстандағылогистикалық инфрақұрылымы Алматы мен Астанадағыжалпы ауданы 40 000 шаршы метрден асатын екі қоймакешенін қамтиды. Сатып алушылар Ozon-дағытапсырысты компанияның өз табыстау орындарынан, сондай-ақ бүкіл ел ішіндегі 2400-ден астам Қазпоштабөлімшелерінен ала алады. Сонымен қатар, 2022 жылдыңақпанында компания Алматы, Астана мен Қарағандықалаларында өз курьерлік жеткізуді іске қосты.

Биылғы көктемде Ozon Қазақстанда локалды маркетплейсвитринасын іске қосты. Ол Республикадағы сатыпалушыларға бейімделген — онда қолжетімдісұрыптамасы ғана көрсетіледі, бағалар жергіліктівалютада (теңгеде) көрсетілген және екі тілдегітолыққанды клиенттік қолдау қамтамасыз етілген.

***

 

Ozon ТМД

Ozon — Ресейдегі көп санатты жетекші маркетплейс жәнеірі интернет компаниялардың бірі. Алаңшада 20-дан астамсанаттағы 196 миллионнан астам өнім атауы көрсетілген: кітаптар мен киімнен бастап азық-түлік пен денсаулыққаарналған тауарларға дейін. Ozon онлайн платформа ретінде белсенді дамып келе жатыр — алаңшасұрыптамасының 90%-дан астамын маркетплейссеріктестері құрайды. Ozon Беларусьта, Қазақстан мен Қырғызстанда бизнесін дамытып, өз логистикалықинфрақұрылымын құруда, сондай-ақ ол 2023 жылдыңкүзінде Армения нарығына шығуды жоспарлап отыр. 

 

 

05.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28311
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27797
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45154
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40799
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45485