Педагог мамандығы – ең қастерлі ұғым

Педагог мамандығы  – ең қастерлі ұғым

Қазақта «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тәмсіл бар. Бұл бекер айтылмаса керек-ті. Себебі ұстаздың қадірі қай заманда да асқақ. Ұстаздың оқушыға сіңірген еңбегі де ерен. Сондықтан жастар арасында педагог мамандығын таңдаушылар жыл сайын көбейе түсуде. Бұл қуанарлық жаңалық. Бұл өзара бәсекелестік үшін де таптырмас мүмкіндік.  

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың мына сөзі болашақ педагогтерге үгіт-насихат. Педагог мамандығының танымалдығын арттыруға себесін болар қағидат.  «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы» деген Байтұрсынұлы Ахмет атамыздың сөзі өмірін біліммен сабақтастырған әр жанның көкейінде тұрары сөзсіз.

Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі өмірлік жары болса, екіншісі – мамандығы. Мамандық – әрбір адамның сүйіп әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығына құрметпен қарауы керек. Олай дейтініміз, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сонымен қатар әр мамандықтың өз ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың қатарындағы педагог баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етеді. Педагогика сонысымен құнды, сонысымен ардақты.

Жан-Жак Руссоның «Педагог болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» дегеніндей, ұстаз тек шәкіртіне білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық та педагог. Олай дейтініміз, педагог еңбегі, біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы мен қиындығы мол мамандық иелері, яғни бүгінгі педагогтер шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз педагогтың ғана қолынан келеді. Педагогтердің ұлы атасы Ы.Алтынсарин: «Педагогикалық мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер  даналықты жүректен ұға білу болып табылады», – дегені педагогтердің  ұстанымы  болуы тиіс.

«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болашақты айқындап беріп отыр. Олай болса педагог мамандығын танымал етуге мүмкіндік зор. 

«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда.  Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесек, үлкен жетістіктерге жетеріміз хақ! Ең басты міндет – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, қазақ елінің болашағына адал қызмет ететін, ар-намысы биік, парасатты ұрпақ тәрбиелесек, елдің дамуына қосқан нақты үлесіміз болмақ. 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 8
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 17
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 23
 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 21

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 995
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7045
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10889
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7114
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7256