Педагогтар озық тәжірибелерін ортаға салды

Педагогтар озық тәжірибелерін ортаға салды

Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталов ауданындағы А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Ізденіс. Еңбек. Өрлеу – даму бағдары» атты TEDx форматында облыстық семинар өтті.

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Жеңісгүл Нәрікова мен «Дарын» қосымша білім орталығының директоры Жанар Үмбетәлиева және өңір педагогтары қатысты. «Мақсатымыз – олимпиада және ғылыми жоба нәтижелерін жоғары деңгейге көтеру, озық тәжірибемізді облыс көлеміне тарату, нәтижеге бағытталған іс-әрекетті қолдау» дейді ұйымдастырушылар.

Семинар барысында қатысушылар білікті педагогтардың іс-тәжірибесіне бағытталған «Республика күні», «Педагогикалық музей», «Дара жол», «Ұстаз – ұлы тұлға», «Жеңімпаздар галереясы» сынды шығармашылық көрмелерді тамашалады.

Казталов аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангереева өз сөзінде қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл алаң ұстаздардың кәсіби өсуіне және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізерін атап өтті. Сонымен қатар ауданның білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіп, жетістіктер мен нақты істерге тоқталды.

Шараның модераторы – аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісінің м.а. Асыл Кенжеғалиева шығармашыл ұстаздар бас қосқан шараны шеберлікпен жүргізіп, әрбір сәтті бір-бірімен ұштастыра білді. Ізденіс алаңында сөз алған спикерлер өздерінің тағылымды тәжірибелерін ортаға салып, орамды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ баяндамашылар авторлық бағдарламаны рәсімдеуге қойылатын талаптар, ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындау жүйесі, мектептің жаңа мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. «Еркін микрофон» бөлімінде өзге де қатысушылар білім саласына қатысты пікір алмасып, шараның мазмұнды өтуіне өз үлестерін қосып, алдағы жүргізілетін пилоттық жобалардың жоспарына қатысты түрлі ұсыныстар берілді.

Мағыналы кеште бүлдіршіндер өлең оқып, жас мамандар қойылым сахналап, ерекше атмосфера орнатты.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы

28.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 297
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 491
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 502

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19188
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19035
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34183
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32749
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36555