Пилоттық жобаның арқасында 589 жаңа жұмыс орны ашылды

Пилоттық жобаның арқасында 589 жаңа жұмыс орны ашылды
 

Аймақ басшысы ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың аралық қорытындылары туралы баяндады. Пилоттық жобаның бес бағытын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 7,2 миллиард теңге (2,5 пайызбен несие беру үшін), жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге (5 пайыз) бөлінді.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңінде 10 ауданның 11 ауылдық округі қамтылып, 2489 өтінім несиелендірілді.

Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты бойынша пилоттық ауылдық округтерде орналасқан 7856 ауладағы 932 гектар жерге екі айналыммен жеміс-көкөніс және бақша өнімдері егілген. Нәтижесінде 978,7 миллион теңгені құрайтын 11,5 мың тонна өнім өндірілген.

Сондай-ақ 14 жылыжай құрылысына 119,2 миллион теңге бөлінген.

Екінші бағыт бойынша (мал шаруашылығын дамыту) ауыл тұрғындары 6,9 миллиард теңгеге 45 мыңнан астам мал сатып алған. Пилоттық ауылдық округтерде 4243 тонна ет және 8304 тонна сүт өндірілді.
Үшінші бағыт аясында (ауыл сыртындағы бос жерлерді тиімді пайдалану) алынған малды арзандатылған жемшөппен қамтамасыз ету мақсатында 228 шаруа қожалығы мен 1509 кооператив мүшелерінің ауыл сыртындағы жерлері біріктірілді. Жалпы біріктірілген 10 113 гектар жерді игеруге қажетті сапалы тұқым, тыңайтқыш, химиялық қорғау заттарын сатып алу үшін 230,1 миллион теңгеге айналым қаражаты есебінен кооперативтер қаржыландырылды.

Төртінші бағыттың мақсаты кооперативтер жабдықтау десек, барлығы 11 кооператив 972,4 миллион теңгеге 190 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

Бесінші бағыт – бизнес-жобаларды қаржыландыру. Бұл бойынша 11 жобаны іске асыруға 56,2 миллион теңге қаралған. Нәтижесінде 27 жаңа жұмыс орны құрылып, 145 тонна өнім (нан, бал, кондитерлік өнімдер) өндірілген.

– Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған пилоттық жобаның өңірдің дамуы үшін маңызы зор. Осы жобаның арқасында 589 жаңа жұмыс орны ашылды, жұмыссыздар саны 194 адамға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 1058-ге қысқарды. Қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге дейін өсті, немесе 165 пайызға өсті. Жобаның бес бағыты бойынша жұмыс жалғасады. Жоба аясында қайтарылатын несие қаражаты есебінен тағы 3 ауылдық округтің тұрғындарын несиелендіру жұмыстары жүргізілуде, – деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.
Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, Жамбыл облысының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі болуы керектігін баса айтты.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
22.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 538
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799