ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫЛАРЫ ҚАЖЕТТІ КӨМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫЛАРЫ ҚАЖЕТТІ КӨМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ
Жолаушыларға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Қазіргі кезде қалың қардың салдарынан уақытынан кешігіп, Шу қаласының вокзалына тоқтаған пойыздардың жолаушыларына қажетті көмектер беріліп жатыр.
Жергілікті әкімдік пен құзырлы органдар тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылып, жолаушылар мен жолсеріктерге ыстық тамақтар ұйымдастырылып, үлестірілуде. Осы орайда, жолаушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарына ауданымыздың жеке кәсіпкерлері де көмек қолын созып, қала тұрғындары да мейлінше атсалысуда. Аталған көмек темір жол желілері толық тазаланып, пойыздар өз кестесімен жүргенге дейін жалғасатын болады.
Құрметті жерлестер, табиғи апаттың айтып келмейтіні анық. Дегенмен де, жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынына қазіргі қиын кезеңде тағы бір мәрте көз жеткізіп отырмыз. Бұның барлығы өз жерлестеріміздің игі іске келгенде қарап қалмайтындығының, қиындыққа тап болғанда бір үйдің баласындай біріге кететінінің арқасы екені сөзсіз. Барлық жерлестерімізге тек алғыс айтамыз
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
15.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541