2026 жылдың 7 қазанында Алматы халықаралық әуежайына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев пен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация келді.
Сапар барысында Алматы халықаралық әуежайының аға вице-президенті Филипп Лабори терминалдың инфрақұрылымын, жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін және әуежай кешенін одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды.
Нұрлыбек Нәлібаев ішкі терминалдың инфрақұрылымымен, оның ішінде багажды беру және тіркеу аймақтары, тексеру пункттері, жолаушыларға арналған аймақтармен және арнайы гейттермен танысты. Әуежай өкілдері жолаушылар ағынын көбейту және қызмет көрсету сапасы мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған шешімдер туралы баяндады.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары халықаралық терминалға барып, оның одан әрі даму перспективаларымен танысты. Жолаушылар ағынының өсуі мен жолаушыларға қызмет көрсетуге қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, әуежай инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларымен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев әуежай инфрақұрылымына және оны одан әрі дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.
Алматы халықаралық әуежайы инфрақұрылымды жаңғырту және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Жобаларды іске асыру Қазақстанның көлік байланысын нығайтуға және Алматыны Орталық Азиядағы негізгі авиациялық орталықтардың бірі ретінде одан әрі дамытуға бағытталған.













