Президент Жолдауы: Басты құндылық – әділетті қоғам құру

Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы да халық көкейіндегі ойларды дөп басуымен ерекшеленді. Жолдауда айтылған тоғыз мәселені екшей қарасақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сай өрілгенін байқауға болады. Президент осы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында жаңаша бетбұрыс жолын таңдаған Қазақстанда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттігіне де тоқталған. 

Әсіресе, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей, қазіргі түрлі ақпараттық, цифрлық технологиялардың қолданысқа енуі кімнің болсын, құқықтық, қаржылық сауаттылығын арттыруға және барынша сақ болуына ықпал етіп отырғаны шындық. Қасым-Жомарт Кемелұлының осы тұрғыда Жолдаудағы сөзі халық ойымен үйлесім тапқаны анық.

«Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқаруы керек. Мұның бәрі азаматтарымыздың әртүрлі алаяқтардың құрығына түсіп қалмауына мүмкіндік береді.

Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге  қарсы  батыл шаралар қабылдауға тиіс», – деді Мемлекет басшысы аталған Жолдауында.

Уақыт талабына сай «Әділетті Қазақстан» құруды мақсат еткен елімізде ең алдымен адам құқығының қорғалуы басты орында тұратыны белгілі. Сол орайда заң саласындағы құзырлы органдарға жүктелетін жауапкершіліктің салмағы басым тұратыны түсінікті. Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда: «Негізгі мақсат – әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу». 

Бүгінгі күнде осы мақсатта бірқатар жаңа қадамдар жасалып жатыр. Соның бір дәлелін «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасының қолға алынғанынан көруге болады. 

«Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз», – деп атап көрсетті Президент.

Саяси тұрақтылық пен қоғамдағы қауіпсіздікті сақтауды басты назарға алған Мемлекет басшысының бұл жолғы Жолдауында да басты құндылық адам өмірі болып саналатындығына баса мән берілген. «Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру» деген Президент сөзіне баршамыз да тиісті үлесімізді қосу керек деп ойлаймын. 

 

Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 603
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 612

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8149
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11378
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9132
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10363