Мемлекет басшысы жариялаған «Балалар жылы» аясында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында прокурорлармен облыс мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен колледж білімгерлерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.
Факультативті сабақтарды ұйымдастыру үшін оқу-әдістемелік орталықтармен келісілген құқықтық оқыту және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша әдістемелік материалдар мен құралдар пайдаланылды.
Құқықтық десантты қамту 500-ге жуық оқу орны мен 80 мыңнан астам оқушыны құрады, жұмысқа ҮЕҰ мен ата-аналар комитеттерінің өкілдері қатысты.
Тыңдаушыларға құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік және оның басталу жасы, баланың құқықтары және тағы басқа да заңнама талаптары жеткізілді.
Жасөспірімдер қылмысы, оның ішінде балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғатын қылмыстар, полиция органдарында профилактикалық есептерде тұрғандар, есірткі құралдары айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша статистика келтірілді.
«Сұрақ-жауап» форматында прокурорлар өз тәжірибелерімен бөлісті, заңға бағыну мінез-құлық бойынша нұсқаулар берді, прокуратураға мамандықтың ерекшеліктерімен танысу және заң мамандығын дәріптеу мақсатында шақырылды.
Оқушыларға қылмыстық мінез-құлық пен жауапкершілікке тартудың модельденген сценарийлері бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Әкімдіктің бейінді басқармасына профилактиканың тиімділігін арттыру мақсатында «Құқық негіздері» курсымен қатар оқу жылы ішінде осындай жұмысты жалғастыратын тәжірибелі прокурорларды тарту ұсынылды.