ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

 ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫҒА  БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Бүгін Түркістанда кезекті игі істің нәтижесінде тағы бір отбасы баспаналы болды. Әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыға «Үлес» қайырымдылық қорының мүшелері бірігіп, үй сыйлады.
Жаңа үйді табыстауға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық Аналар алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева қатысты.
Игі шарада құттықтау сөз алған Жарылқасын Әзіретбергенов аталық батасын беріп, жылы лебізін арнады.
Айта кетейік, «Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаровтың айтуынша, бұл – 40-шы отбасының қуанышы. Үйдің иесі мен жары – ІІ топтағы мүгедектер. Олар ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 541
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 544

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20861
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20645
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35779
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34300
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38179