Қала әкімі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Қала әкімі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
Облыс орталығында соңғы уақыттарда құрылыс жұмыстары қарқын алғаны белгілі. Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков құрылыс жұмыстарының барысын көзбен көрді.
Әуелі шаһар басшысы Абай даңғылы №123 үйдің маңында соғылатын сквердін эскиздік жобасымен танысып, облыстық әкімдіктің алдында орналасқан субұрқақтың жағдайына қанықты. Алдағы уақытта бұл маңда тұрғындарға арналған демалыс орыны пайдалануға берілмек.
– Біздің басты мақсатымыз – Таразды туризм орталығына айналдыру. Бұл бағытта атқарылатын жұмыс аз емес. Жаңадан салынатын сквер сол жұмыстардың жалғасы. Мұндай орындар тұрғындардан бөлек, туристерге де ерекше әсер сыйлайды. Бұл 1-2 жылдық емес, келешек ұрпаққа қалатын нысан болмақ. Сондықтан оның сапасы да соған сай болуы тиіс, – деді Бақытжан Әмірбекұлы. Қала әкімі бұдан кейін «Зербұлақ» демалыс орталығының аумағындағы соғылып жатқан аквапаркке ат басын бұрды.
Жалпы бұл нысан еліміздегі ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі мәдени-сауықтыру отбасылық демалыс аймағы болмақ. Аталған аймақ Зербұлақ көлінен бөлек, Орта Азиядағы ең ірі аквапаркты, аллеяны, бес жұлдызды қонақ үйді, SPA-орталықты және де қызмет көрсету саласын қосқанда, ойын-сауық орталығы типі бойынша бірыңғай кешен ретінде жұмыс істейді. Кешен құрылысына көптеген техникалар тартылып, 40 жаңа жұмыс орны ашылған. Аквапаркті пайдалану кезінде тағы 20-дан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда екен. Жобаның бірінші кезеңінің құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Аттракциондардың 14, толқын тербелісі бар бассейннің генерациялау жүйесін, аттракциондарындағы су айналымы жүйесі жабдықтарының 6 түрін, сондай-ақ сырғанауға арналған толқын тербелісі бар бассейндерді, балаларға арналған және дренажды бассейндердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды орнату жоспарланған. Суды тазарту жүйесіне де ерекше назар аударылады. Сатып алынатын аттракциондар халықаралық стандарттарға ие және қажетті талаптарға сәйкес келеді.
Бұл кешенді іске асыру қаланың және жалпы облыстың экономикалық және туристік әлеуетін жақсартады, сондай-ақ шаһардың тартымды имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді деп күтілуде. Бақытжан Әмірбекұлының келесі аялдаған нысаны – №20 мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер көпірі. Бұл тұрғындардың көптен бері көтеріп келе жатқан мәселесі болатын. Осылайша алдағы уақытта бұл түйткілдің де түйіні тарқамақ. Жұмыс сапары соңында шаһар басшысы құрылыстың сапасына баса мән беріп, межелі мерзімді аяқтау керектігін баса айтты.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
13.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722