ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АЛҚАПТАРҒА АУЫЗСУ ТАРТЫЛАДЫ

ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АЛҚАПТАРҒА АУЫЗСУ ТАРТЫЛАДЫ

 

Тараз қаласын дамытудағы басымдық  шаһардан шеткей орналасқан аймақтарға берілуде. Бүгін Ержан Жылқыбаев №11 округ тұрғындарымен кездесіп, жылды қорытындылады, алдағы жоспарларын баяндады. Кезекті есепті жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Өткен жылы тұрғындар тарапынан 89 шағым түскен. Оның 11-і қаражат көзін қажет еткен. Ержан Жылқыбаев 12 айда атқарылған жұмыстармен  қатар көтерілген проблемалардың барлығы дер кезінде шешілгенін айтты. Негізінен округтегі  ең өзекті мәселе газ, су, жол. Осы жылы облыс орталығында  6 шағын аудан мен 28 саяжайды сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінген. Жоспар аясында  жақын күндері Құмшағал, Қазарма және Шөлдалада елді мекендерінде дәл осы жұмыстар қарқын алады. Бұл дегеніміз округқа биыл таза ауызсу кіргізіледі. Ендігі мәселе, өткен жылы бастау алған электр желісін тарту мәселесі 15-наурызға дейін аяқталмақ. Сондай-ақ Ақсарай, мен Назқоңыр көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қалған көшелер су құбырларын тартып болған соң қаралатын мәселе. Биыл бұл округте халықтың сұранысы бойынша 8 аула абаттандырылмақ.  Ең қуанышты хабар, Қазарма аумағында бір-екі ай көлемінде  180 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады. «Береке» тұрғын алқабында жастар үшін кіші футбол алаңын салу да жоспарда тұр.

Осы уақытқа дейін  жұртшылық «Құмшағал»шағын ауданы мен «Құмшағал» станциясына арасына темір жолдан өтетін арнайы аспалы көпір салып беруді сұранған еді. Дәл қазіргі кезеңде жоба қаралуда, жыл соңына дейін аспалы көпірде орнатылады. Шаһар басшысы халық тарапынан түскен мәселелер кезегінде қоғамдық көлік қатарын арттыру қажеттігін де скеріп айтты. Өткен апта барысында, қалаға 10 автобус алынды, ендігі кезекте тағы 30 көлік күтілуде. Жаңа автобус келісімен округке қатынайтын жаңа №61 маршрут қосылады.

Жиында облыс басшысы: « Өткен жылдың өзінде қала бюджетіне 38 млрд теңге бөлініп, ауқымды істер атқарылды. Оған сіздер куәсіздер. Жақсы жобалар биыл жалғасын табады. Мәселен, қалада  «Асарлатып үй салу» арқылы  15 үй пайдалануға берілді. Биылда баспанаға қажет жандарға көмек қолын созамыз. «Таразға тарту» арқылы шаһарда 16 жобаны жоспарладық. Осылармен қатар көпшілік көтерген мәселе үнемі біздің назарда» –  деді.

Өз кезегінде жиынға қатысқан округ тұрғындары талап тілектерін жеткізді. Солардың бірі – Орынбасар Тоқбергенов. Ол жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін ең әуелі ФОБ және мәдениет үйі қажет деді. Сондай-ақ  балабақшада орын жетіспеушілігі мен интернет желісінің жылдамдығы тым төмен екендігін айтып қалды. Бердібек Сапарбаев мектепке дейінгі мәселені кәсіпкерлерді тарту арқылы қарастыруды тапсырды. Ержан Жылқыбаев  басқа да сауалдар бойынша жіті зерделеу жүргізілетінін қадап айтты.

Жиында көптеген  мәселе көтерілді. Халық тарапынан тек арыз-шағым ғана емес жүйелі жұмысқа алғыстарда айтылды.

11.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 101
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 563
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817