Қала тазалығы баршаға ортақ

Қала тазалығы баршаға ортақ

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте қазына қаржысының ағымдағы жылдың 1 наурызына болжамды орындалуы мен қаңтар айының әлеуметтік-экономикалық дамуы қаралды. Сондай-ақ Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға арналған желілік кестенің жүзеге асуы мен көктемгі тазалық жұмыстарына дайындық барысы пысықталды.
Ең әуелі сөз алған Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Умирбаевтың сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың 1 наурызына қала бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды орындалуы 160,5 пайызды құрап, 5 295,8 миллион теңгені құрады. Бұл жоспардың 1996,3 миллион теңгеге артық орындалатындығын көрсетеді.
Аппараттық кеңесте 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауын кеңінен насихаттау жұмыстары жайында қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова баян етті. Оның сөзіне сүйенсек, кестеге сәйкес қалада 254 іс-шара ұйымдастырып, 20 424 адамды қамту көзделуде. Ал желілік кестенің өзі 4 кезеңнен тұрмақ. Атап айтсақ, дайындық кезеңі, жұмылдыру кезеңі, үгіт-насихат кезеңі және сайлаудан кейінгі кезең. Қазір үгіт-насихат кезеңі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Басқосуда қаралған өзекті мәселенің бірі – көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы. Қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Таңатаровтың айтуынша, шаһар аумағында өсімдік шаруашылығымен айналысатын 42 шаруа қожалығы бар. Олар өткен жылы 460,58 гектар жерге түрлі жеміс дақылдарын егіп, 17 654 тонна өнім жинаған. Ал биылғы жылға шаруа қожалықтары тарапынан 419,65 гектар жерге егін егу жоспарлануда.
Өз кезегінде қала әкімі Бақытжан Орынбеков көктемгі дала жұмыстарының маңыздылығын баса айтып, тек ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, шаһар тазалығы, арық-атыздарды қоқыстан арылту, саябақтар мен скверлерді күл-қоқыстан тазалау жұмыстарының да жүйелі жүргізілуі қажеттігін ескертті. Ол үшін көктем шыға қалада екі айлық тазалық жұмыстары жанданбақ. Және бұл жұмыстарға қала тұрғындарын белсенді жұмылдырып, тазалық табалдырықтан басталатындығын халыққа жіті түсіндіру жауапты мамандарға тапсырылды.

Тараз қаласы әкімдігі
20.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 145
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 143
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 254
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 257
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 468
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 429

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9129
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8526
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11753
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9522
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10734