Қала тазалығына әрбір тұрғын жауапты

Қала тазалығына әрбір тұрғын жауапты
Қоршаған ортаны қорғау – адамзаттың басты міндеттерінің бірі. Қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарас – кез келген мемлекеттің өркениеттілігінің өлшемі. Яғни, табиғатқа деген көзқарас, жанашырлық сезім – адамның ішкі мәдениетін көрсетеді.
Қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау, айналаны көгеріштендіру, гүлдендіру – ең бірінші адам денсаулығына пайдалы дүние. Әрі адамның көңіл күйіне әсер ететін бірден-бір фактор.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн» делінген. Елімізді таза ұстау, гүлдендіру халқымыздың денсаулығы үшін де, мемлекетіміздің дамуы үшін де өте маңызды мәселе.
Елімізде көріктендіру, көгеріштендіру, санитарлық тазарту екі айлығы біздің қаламызда да жүйелі түрде өтіп тұрады. Оған негізінен қаладағы мекеме ұжымдары атсалысады. Әрине, жылдан-жылға бұл жұмыс жинақталып келеді.
Алайда әлі де тұрғындарының көңіл көнжітпейтін іс-әрекеттері жетерлік. Яғни, саябақтарда, көшелерде көрінген жерге қоқыстарды тастай салу, тіпті өз үйінің ауласын, жан-жағын жинамау.
«Тазалық сыпырған жерде емес, сақтаған жерде». Сондықтан немқұрайлықтан, жауапсыздықтан арылу керек.
Көшелердің, қаланың тазалығын сақтауға қоғамдық жұмысшылармен бірге мекеме қызметкерлері де атсалысуда. Бұл – әрине тазалыққа қоғам болып атсалысуды білдіреді.
Алайда мекеме ұжымдары өзі тұратын көшесіне, өзінің үйінің іргесіне көңіл бөлмейтін тұрғындарды да тартуымыз керек. Бұл кейбір азаматтар үшін ұсақ-түйек шығар. Бірақ, қоғам үшін олай емес. Егер әр адам тазалықты сақтамай, қалай-болса солай жүре берсе, айналамыз қалай болады?! Жасалған сенбіліктерден не пайда?
Бұл мәселеде де біреудің айтуынсыз, әркім өзінен бастайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Бір жағы әлі күнге бұл мәселені айтып жүргеніміздің өзі ұят. Өз үйіңе қалай қарасаң, қоғамдық орынға да сондай жауапкершілікпен қарау керек. Таза аула, таза көше, таза ауыл адамның рухын көтереді. Сондықтан тазалық мәселесіне, көріктендіру, көгеріштендіру мәселесіне өте ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарайық.
Президент айтқан мәселені жас ұрпаққа үйрету үшін ересектер өзімізден бастайық. Айыппұлсыз, жанашырлықпен атсалысуды үйренейік.
Міне, тура осындай жандар біздің қаламызда да баршылық. Соның бірі Қаратау қаласы, А.Байтұрсынов көшесінің тұрғыны Мелдібеков Қанат Билданұлы. Жұбайы Камшат Оязбекова екеуі үй іргесіндегі сыртқы жағына қоршау салып, көгалдандыру жұмыстарын қолға алуды жөн көріпті.
Ия, расында да күн сайын көркейіп келе жатқан шаһардың ажары оның тазалығына да байланысты. Ал, тазалық пен ұқыптылық әрбір адамның туған қаласына деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді.
Жыл сайын дамытуға бағытталған жобалар қолға алынып, қала келбетін келтіретін заманауи, жаңа ғимараттар бой көтеруде. Жолдар жөнделуде, көшелерге жарық жүргізілуде. Үлкен қалалардағыдай болмаса да, көштен қалып жатқан жоқпыз. Қашанда «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші осындай ілкімді істерді көпке таныстырған жөн деп шештім.
Қанат пен Камшат секілді тұрғындар көп болса қаламыз көркейер еді. Кейбір жандар бұл әкімдіктің жұмысы деп жазып та айтып тажатады. Десе, де қаланы көгалдандыру тек әкімдіктің міндеті десек, қателесеміз.
Қаланың гүлденуі – қаратаулықтардың патриотизмі мен белсенділігіне байланысты. Туған жерге, өз қаламызға жанашырлықпен қарап, қамқорлық таныту – перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.
Дархан Баймбетов, Қаратау қаласының әкімі
01.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9176
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8574
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11802
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9572
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10782