Қалдыбек Төлеуұлы: Төтенше жағдай ғана емес, басқа да қауырт шаруалар жетерлік

Қалдыбек Төлеуұлы: Төтенше жағдай ғана емес, басқа да қауырт шаруалар жетерлік

Жетісулық төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары қарлы боранда да, қатты желде де, аптап ыстықта да кез келген форс-мажорлық жағдайда көмектесуге дайын. Осы мамандық иелерінің биылғы атқарған жұмысы туралы тілшімізге Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Қалдыбек Төлеуұлы айтып берді.

– Сіздердің департамент қызметі тек жедел шақыруларға ғана негізделмеген, күнделікті өмірде де жұмыстарыңыз қауырт, солар туралы айтып берсеңіз. 

– Біздің департамент қызметі ең алдымен төтенше жағдайлардың алдын алуға және болдырмауға бағытталған. Мысалы, жарнамалық іс-шаралар, акциялар, флешмобтар, бұқаралық ақпарат құралдарына шығу сияқты шаруалар жетерлік. Қазір, мәселен, жылыту маусымы басталады, қыста қарлы боран мен бұрқасын жиі соғады. Ал біздің мамандар барлығын алдын ала болжауға міндетті. Егер біреу жолда қиындыққа тап болса, біз көмектесуге бар күшімізді саламыз. Көктем басталса, су тасқынының алдын алу мақсатында тағы да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға арықтарды тазалап, аулаларындағы қарды уақытында шығаруды ескертеміз. Өрт қаупі бар кезеңде, жылдың жылы мезгілінде қураған ағаштар мен былтырғы шөптерді, тағы басқа осы секілді дүниелерді жою қажет екенін еске саламыз. Біз орман қорымен белсенді түрде бірге жұмыс істейміз. Күтпеген жағдайларды алдын ала болжап, дер кезінде ауыздықтап, тез арада жоюымыз керек. Биыл жыл басынан бері Жетісу облысы аумағында 258 өрт оқиғасы тіркелді. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 9,4%-ға азайған. Өрт кезінде қаза болғандар 2 есеге азайды. Ал өрт кезінде зардап шеккендер 29%-ға азайды. Демек, біздің жұмысымыз жылдың төрт мезгілінде де қызу қайнап жатады.

– Өрт қауіпсіздігі бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр?

– Өртті азайту бойынша департамент және оның аумақтық бөлімшелерімен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп отырады. Атап өтсек, тұрғын үй секторларын аралау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қандай да бір өрт қауіпсіздік талаптар сақталмағанда тұрғындарға көмектесу. Сонымен қатар БАҚ арқылы бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп отырады.

– Өңірде қанша техника бар? Жыл сайын жаңартылып отыра ма?

– Бүгінгі таңда өрт сөндіру паркінде 150 техника бар. Бұл жалпы қажетті норманың 89 пайызын құрайды. Республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен жыл сайын жаңа техникалар сатып алуға өтініш беріліп отырады. 

– Жетісу облысында өрт сөндірушілер жеткілікті ме?

– Бүгінгі таңда департаменттің өрт сөндіру және авариялық құтқару республикалық мемлекеттік мекемесінің штаты 497 бірлікті құрайды. Бірақ біздің облыс кез келген төтенше жағдайға бейім екенін, төтенше жағдай орын алғанда міндетті түрде өрт сөндірушілердің баратынын ескере отырып, министрлікке қосымша 200 дана штат сұрап өтінім берілді.

– Биылғы жылғы шомылу маусымын қорытындыласаңыз.  

– 2024 жылы су айдындарында, өкінішке орай, 6 адам суға батып кетті. 36 адам құтқарылды. Оның ішінде 8-і бала. Әкімшілік құқық бұзушылықтың 412-бабы бойынша су айдындарында ережелерді бұзғаны үшін 42 адам жауапкершілікке тартылды. Былтырғы жылы 7 адам қаза болған, оның 3-і бала.

– Төтенше жағдай кезінде денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы көптеген ұйымдармен қалай бірге әрекет етесіздер? 

– Оқу орындарына келсек. Балабақшаларымыз бен мектептерімізде жүктеме артып, қызметкерлер мұғалімдерге қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігі нұсқауда көрсетілген. Мысалы, жазда апаттық баспалдақты қалай пайдалану және түтін болған кезде балаларды көшеге шығару сынды жұмыстарды біз көрсетеміз. Біз климатты ескере отырып, қыста балалар қалай эвакуацияланатындығын да зерделейміз. Осының барлығын төтенше жағдайлар кезінде алдын ала үйретуіміз керек, ол үшін жылдың кез келген мезгіліне қарамастан, қызметкерлермен кездесулер, тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырылады. Қызметкерлерді үй-жайдан шұғыл эвакуациялау үшін әрқашан үйретіп отыру керек. Медициналық мекемелерді тексеру кезінде оларға төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігі үйретіледі. Өрт кезінде медицина қызметкерлері өзін қалай ұстауы керек, яғни операцияны тоқтату, науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шұғыл түрде басқа бөлімшеге немесе емханаға ауыстыру, ары қарай операцияны жалғастыру – мұның бәрі жаттығулар кезінде алдын ала пысықталады.

– Синоптиктермен жұмыс, смс хабарламалар, қандай қосымшалар жұмыс істейді?

– Жетісу облысының төтенше жағдай департаментіне ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, яғни ол қатты қар, бұрқасын жел, өрт қауіпсіздік кезеңі және тағы басқа жағдайлар бойынша «Қазгидрометтен» тұрақты негізде дауылды ескертулер келіп түсіп отырады. Департамент өз тарапынан бұл ақпаратты смс хабарламалар арқылы, «Дармен» мобильді қосымшасы және БАҚ арқылы халыққа жеткізеді. Сонымен қатар мемлекеттік және құзіретті органдармен төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында да осы ақпараттарды жеткізіп отырады.

– Жылыту маусымына дайындық қарсаңында қанша тұрғын үй секторын араладыңыздар?

– Өрт қауіпсіздігі айлығы басталғаннан бастап бүгінге дейін 25201 тұрғын үйді араладық. Оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататын 5479 тұрғын үй бар. Бұл жалпы осал топтың 95 пайызын құрайды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің талаптары бұзылған 90 іс-шара атқарылды. Жалпы тұрғын үй секторларын аралау кезінде ақаулары бар 90 үй анықталды. Оның ішінде 140 өртке қарсы ережелер бұзылған. – Датчиктерді орнату бойынша жұмыс барысы қалай? Қанша датчик орнатылды? – Қазіргі уақытта 449 датчик сатып алынды және әлеуметтік осал топ мүшелері бар үйлерге 19 датчик орнатылды. – Тексеру барысында қандай мәселелер мен қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына жиі кезігесіздер? – Кез келген жағдайда адам факторы әрқашан маңызды рөл атқарады. Біреу жұмыстан шығып бара жатып, жылытқышты, оргтехниканы, кондиционерді өшіруді, үйде пешті немесе үтікті өшіруді ұмытып кетеді. Кәдімгі тұрмыстық электр тогынан мысал келтірейік: бір адам оның жөнделмегенін байқап, оны жөндеу керек деп, өзіне ескертіп қояды. Бірақ... бір апта өтеді, тағы бір ай, бәрі ұмытылады, ең кішкентай ақаулар кейде үлкейіп, өрт болуы мүмкін.

– Қыста жолдар ауа райының құбылуына байланысты жабылған кезде, 112 қызметінің хабарламасына тұрғындар қалай қарайды? 

– Негізінде тосын жағдайлар азаматтардың қаладан шұғыл түрде шығып кеткен жағдайында орын алып жатады. Көбіне мұндай жағдайлар шалғай аудан, ауылдарда орын алады. Арнайы техника бар, жақын маңдағы ауылдардан төтенше жағдайға тап болған азаматтарды алып кетеміз. Төтенше жағдайлар қызметінің ескертуіне құлақ аспай, ауа райының құрсауында қалған тұрғындарға да көмек көрсетуге міндеттіміз. Өйткені, біз көмектесу үшін осында отырмыз, жұмыс істеп жатырмыз. Біздің міндетіміз – тұрғын үй кешеніне, сауда орталығына, мектепке, балабақшаға, ауруханаға қатысты емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айыппұлдар мен істерді сотқа барынша көп жібермеу.

– Жалпы тұрғындарға айтар кеңесіңіз.

– Құрметті облыс тұрғындары! Кез келген жағдайда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Дана халқымыз айтқандай «от пен су – тілсіз жау». Сол себепті өздеріңіздің, туысқандарыңыздың, балаларыңыздың өміріне бейқам қарамаңыздар. Алдағы келе жатқан қысқы кезеңде жол жабылу оқиғалары тіркелуі мүмкін. Сол себепті 112 нөмірінен келіп түскен хабарламаларды міндетті түрде оқып, қажет болған жағдайда алыс жолдарға шықпауды сұраймыз. Қауіпсіздік еш уақытта артық болмайды. Сол себепті өз өмірлеріңізге бейқам қарамаңыздар.

– Сұхбатыңызға рақмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз! 

 

Сұхбаттасқан – Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы
03.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 133
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 69
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 63
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 48
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 465
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 433
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 457
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 449
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 447
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 464
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 454
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 647

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281