Қалиевтің қайырымдылығы

Қалиевтің қайырымдылығы

Қалалық көпбейінді ауруханасында осыдан бірер уақыт бұрын алғаш рет жасалған донорлық бүйректі ауыстыру бойынша операция нәтижесі жақсы шығып, 22 жастағы қыз бала үйіне шығарылуға дайындалуда. 2013 жылдан бері зақымдалған екі бүйрегі істен шығып, диализ аппаратына таңылған Ұ. есімді бойжеткен өмірден күдерін де үзіп қойыпты. Өздігінен бойындағы сұйықтықты сыртқа шығара алмай, тұрақты гемодиализ науқасына айналған соң, олар Қарақалпақстаннан Тараз қаласына көшіп келген. Өзінен басқа отбасында 4 бауыры бар және әкесі қайтыс болып кеткен оның жұмыссыз анасынан басқа сүйенер ешкімі жоқ екен. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевке өтінішпен шыққан соң, облыстың бас дәрігері, әрі тәжірибелі хирург ретінде Ә.Қалиев уақыт создырмай донорлық трансплантация бағдарламасын бастап кетеді. Әдетте, мұндай жағдайда донор табу оңай емес. Дегенмен, қыздың 56 жастағы анасы донор болуға келісімін береді. Себебі, оның әкпесі де осындай диагнозбен бағдарламалық гемодиализде.
6 сағатқа созылған ота ешқандай асқынусыз, сәтті өтті. Бүйректі алмастыру операциясынан кейінгі бірінші тәулікте ағзада жиналып қалған 4 литр зәр сыртқа шықты. Талдау сараптамалары да жақсы нәтиже көрсетті. Үшінші тәуліктен кейін пациенттің жағдайы тұрақталып, орнынан тұрып палатаға ауыстырылды.
– Операциядан кейін есімді жиғанымда, алдымен, маған екінші рет өмір сыйлап, бүйрегін берген анамды еске алдым. Жағдайы нашарлап қала ма деп уайымдадым. Телефонмен сөйлесіп, дауысын естіген соң, көңілім орнына түсті.
10 жылдан соң өздігімнен, алғаш рет кіші дәретке бардым. Қуанғанымнан көңілім толқып, жылап жібердім. Ұзақ жылғы ауру, жан қиналысы мені әбден шаршатып, өмірден күдерімді үзіп те қойған едім. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев деген кісінің бастамасымен сырттан дәрігерлер келіп, тез арада донорлық іс-шара басталып кетті. Жұмыс істемейтін анамнан басқа ешкіміміз жоқ біздің барлық шығындарымызды өзі жеке қаражатынан төледі. Шет елде мұндай операциялар өте қымбат тұратынын білемін. Қазақстанда да оған оңайшылықпен қол жеткізу мүмкін емес. Анам екеуміздің оған ризашылығымызда сөз жоқ. Маған қайта өмір сыйлаған Ә.Қалиевке алғысым шексіз.
Бүгінде рецепиенттің жағдайын бақылап отырған емдеуші дәрігер Азамат Чупеевтің айтуынша, алдағы уақытта олар тұрақты түрде тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханасына қаралып тұруы тиіс. Қыздың да, анасының да жағдайы жақсы, отадан кейінгі асқынулар болған жоқ. Сондықтан үйлеріне шығарылуға дайындалуда.

25.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8576
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784