Қандай көліктер заңдастыруға жатпайды?

Қандай көліктер заңдастыруға жатпайды?
Заңдастыруға жататын автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін төленетін алымды 200 мың теңге көлемінде деп белгіледі.Қандай көліктер заңдастыруға жатпайды?Іздеуде жүрген (қылмыстық көлік) немесе толық кедендік тазартудан өтпеген, сондай-ақ 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген автокөліктер. Бұл ретте заңдастыруды жарты жылдың көлемінде өткізу жоспарлануда.Автокөліктің Қазақстанға кіру күні қалай анықталады?Кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің деректер базасы бойынша айқындалады. Бүгінде бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Егер Шекара қызметінде көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда автокөліктің Қазақстан Республикасында нақты болу күні автосақтандыру полисінің алғашқы ресімделген күні бойынша айқындалады. Негізгі төлем – бастапқы тіркеу үшін алым, ол 200 мың теңгені құрайды. Қалғаны техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін алынатын төлемдер, олар үшін тағы 13 171 теңге төлеу қажет (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік нөмір мен техникалық паспорт үшін төлем сомасы шамалы өзгереді, өйткені баждар АЕК-ке байланысты есептеледі).Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке өтініш жасау арқылы беруге болады.
Байзақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы.
11.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5421
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20385
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19020
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22484