ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ – ТАБЫСТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ – ТАБЫСТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Биыл ауданымыздағы ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы артып келеді. Оның ішінде отандық тұқым шаруашылығын оңтайландырып арттыруға да айрықша көңіл бөлініп, жалпы аудан бойынша 2023 жылдың өніміне 3000 гектар қант қызылшасы себу жоспарлануда. Осы бағытта аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков қант қызылшасына ерекше назар аударып, округ әкімдеріне егіс дала жұмыстарын барынша күшейтуді және де егістік алқабының өнімін жоспарланған деңгейде қол жеткізуге күш салуды тапсырды.
Аталған тапсырмаға сәйкес аудандағы бірнеше ауылдық округтерде көктемгі егіс дала жұмыстары қызу атқарылуда. Соның бірі Ескі Шу ауылдық округінде «Бектібай» шаруа қожалығы Меркі қант зауытынан германиялық KWS Виорика тұқымынан 75 себу бірлігін сатып алып, себу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ Жаңа жол ауылдық округіндегі «Мирфаяз» және «Бахор» шаруа қожалықтары қызылша тұқымын себу жұмыстарын жүргізуде және де күні кеше Далақайнар ауылында «Жиделі» шаруа қожалығы - 5 гектар, «Нурасилова» шаруа қожалығы - 5 гектар қызылша тұқымы себілсе Алға ауылдық округінде «Данияр» шаруа қожалығы 10 гектар жерге отандық «Айшолпан» қант қызылшасының тұқымын септі. Қазіргі уақытта көктемгі егіс дала жұмыстары оңтайлы мерзімге сәйкес жүргізілуде.
Шу ауданы
19.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5175
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5338
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18940
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22401