Қар құрсауында қалған адамдарды құтқару бойынша оқу-жаттығу өтті

Қар құрсауында қалған адамдарды құтқару бойынша оқу-жаттығу өтті

«Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды жүргізу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің бірлескен іс-қимылдары өтті.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев шараға қатысып, Күйік асуында қар құрсауында қалған адамдарды құтқару бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың барысымен танысты.

Аймақ басшысына авариялық-құтқару қызметтері мен облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы мен қабілеттілік деңгейі және материалдық-техникалық базасы көрсетілді.

Оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс жағдайы туындаған аумақтарға қысқы мезгілде операцияларды өткізу кезіндегі әрекеттерге құтқару қызметтерін жөнелту мәселелері пысықталды.

Бұдан бөлек, оқу-жаттығу барысында күш пен құралдарды басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдарды жедел хабардар ету, тұрғындарды эвакуациялауды ұйымдастыру мен зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу тапсырмаларын орындаудағы  мемлекеттік органдардың өзара байланысы тексерілді.

Сценарий бойынша,  «Күйік» асуында «Алматы – Ташкент» республикалық маңызы бар автожолдың бойындағы күрделі метрологиялық жағдай туралы дабыл сигналы түседі.

Қалың қар, қатты жел мен көрінудің нашарлауы және көктайғақтың салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алып, жолаушылар мінген қалааралық автобус қар құрсауында қалады. Зардап шеккендер бар.

Қиын жағдайға тап болған тұрғындарды эвакуациялау мақсатында өңірде жедел штаб құрылады.

Туындаған жағдайды жою үшін оқиға орнына ауданлық төтенше жағдайлар бөлімінің жедел тобы, өрт автоцистернасы мен жедел медициналық жәрдем көлігі, сондай-ақ адамдарды эвакуациялауға арналған техникалар жіберілді. Бұдан бөлек, «Апаттар медицинасы орталығы» дәрігерлері зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетеді.

Өңірлік полиция департаментіне бағынысты жергілікті полиция қызметі Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының аумағында республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдар бойынша қозғалысты шектеу үшін уақытша бекеттер белгілейді. Полицейлер мен құтқарушылар бірлесіп, радиобайланыс бойынша тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында Күйік асуының таулы аумағы алаңын қамтиды. Жедел іздестіру-құтқару жұмыстары барысында кинологиялық есептің күшімен гипотермиялық белгісі бар шопан табылып, трэкол жоғары өтімді автокөлігімен эвакуацияланады және жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне беріледі.

Оқу-жаттығуға барлығы 33 техника мен жеке құрамның 87 қызметкері жұмылдырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
10.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509