Қаратаулықтар қоныс тойын тойлады

Қаратаулықтар қоныс тойын тойлады

Таласта баспананы көптен күткен тұрғындарды қуантқан іс-шаралар жалғасын табуда. Ағымдағы жылы Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан 80 пәтерлі көпқабатты үй ел игілігіне берілген болатын. Міне аталған игі іс-шара бүгінде өз жалғасын табуда.

Ағымдағы жылды 10 шілдесі күні Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесі №10 және 3 мөлтек аудандағы №16 көпқабатты тұрғын үйлердегі 192 пәтер қайта жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған тұлғаларға пәтер кілті табыс етілді.

  • Мен де Қаратау қаласының тұрғынымын. Өз басымда жеке баспанам болмай, үй кезегінlе тұрғаныма да біраз жыл болып еді. Міне, сол күткен қуанышыма бүгін жетіп, қолыма пәтердің кілті тиді. Қуанышымда шек жоқ. Енді өз баспанам бар. Бақыт деген осы шығар.

Халықтың әлеуметтік жағдайына ойлап, олар үшін барлық жағдайды жасап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметімізге, сондай-ақ тұрғын үй баспанасымен қамтуда мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырып отырған аудан басшылығы мен құрылыс саласындағы басшыларға аналық алғысымды білдіремін, — дейді зейнеткер, жаңа қоныс иесі Кулбязи Шакритдинова.

Салтанатты кілт тапсыру рәсімінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Медет Уристенов, аудандық мәслихат төрағасы Қадірбек Садубаев және аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы қоныс той иелерін қуанышымен құттықтай отырып, ізгі тілектерін білдірді.

Айта кетейік, тұрғын үй кезегіндегі халықты баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысы
12.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 97
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 163
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 144
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 557
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 525
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 546
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 544
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 539
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 556
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 543

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11376