ҚАСИЕТТІ МЕКЕННІҢ АЖАРЫН АШАМЫЗ

ҚАСИЕТТІ МЕКЕННІҢ АЖАРЫН АШАМЫЗ

Қасиетті мекен — Айша бибі ауылының ажары ашылып келеді. Өткен жылы орталықтағы Жібек жолы көшесіне тротуар төселсе, 300 орынды мектептің құрылысы бел ортадан асты. Жер теліміде кезекте тұрған азаматтарға берілген.

Бүгінде орталық стадионды қалыпқа келтіру және дене-шынықтырумен айналысатын бөлмелердің іші-сыртына әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауылға қойған жоспарларымыз бар. Кесене мен мектептің маңынан туристік орталық салу, сондай-ақ жергілікті әкімдік мен Мәдениет үйінің орта тұсына медресенің, ауылға кіреберістен әмбебап спорт кешенінің құрылысы жүргізілетін орындарды ауыл азаматтарының қатысуымен белгіледік.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік және мәдени нысандар көрнекі жерден еңсе көтеруі қажет.
Аталған нысандардың жер құжаттарын рәсімдеу бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Алла амандағынын берсе, жоспарларымыз кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

 

Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі
24.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 579
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 457

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28815
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46086
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41699
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46396