Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады

***

Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке.
Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді.
Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде айбынды армиямыз қастерлі Тәуелсіздігіміздің және мемлекеттілігіміздің мызғымас қорғанына айналды.
Қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшейтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сардарлар мен сарбаздарға ризашылығымды білдіремін.
Ержүрек жауынгерлеріміз ел сенімін ақтайды деп сенемін!
Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

07.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Орман пайдаланушылардың назарына
Талас Тынысы - 15.03.2025 47
Тазалық - ортақ міндетіміз
Талас Тынысы - 15.03.2025 27
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ ҚАЙЫРЫН КӨРЕСІҢ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 15.03.2025 54
СЕНБІЛІК ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 15.03.2025 55
14 наурыз - Көрісу күні!
Жуалы ауданы әкімдігі - 15.03.2025 74

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2206
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2438
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17330
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16051
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19426