ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРКИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  ТҮРКИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Биыл мемлекетіміз үшін маңызды мереке – ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Бұл – өткенге есеп беріп, келешекке нақты жоспар жасайтын үлкен белес. Ғасырлар бойы бодандықтың бұғауында болған ел үшін осы жылдардың әрбір сәті ұлттық маңызға ие.

2021 жылғы 25-28 қазан аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы  оқытушыларды Анталия Білім университетіне «Түрік жоғары білім беру жүйесімен» танысуға, біліктілікті арттыру курстарына жіберді.

Семинарға қатысушыларды (50 адам) түрік әріптестері жылы қарсы алды. Емен-жарқын әңгімелер өрбіді. Алыстан ат арылтып келген ҚазҰУ делегациясына университеттің заманауи кампусы мен кітапханасы, 1000-ға жуық анар ағаштары өсетін (жеміс беретін) әсем бағы көрсетілді.

Түрік ағайындар сонымен қатар  Білім университетінің мешіті мен асханасын, аудиториялары мен зертханаларын  аралатып, ел экономикасын қолдау және дамыту мақсатында инновациялық жобаларды жүзеге асыратын технопарк жұмысымен  таныстырды.

Жеміс беретін әсем бақ демекші, өз еліміздегі ҚазҰУ-да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің құрметіне «Елбасы саябағы» ашылып, 300-ге жуық алма, шие, өрік ағашы отырғызылғанын айта кеткен жөн болар.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Ұлы бабамыз әл-Фараби есімімен аталатын бұл университет – еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы. Осы жылдарда тамаша ұстаздар шоғырының бірнеше буыны жемісті еңбек еткен бұл университетті мыңдаған білікті мамандар бітіріп шықты» десе, енді бірде: «Сіздер университет қабырғасында тек білікті маман ғана емес, уақыт талабына жауап беретін тұлға дайындауларыңыз қажет», – деп, оқу орнына зор жауапкершілік жүктегені ел есінде.

«Antalya Bilim University» ректоры, профессор Исмаил Юксель әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының алдында құттықтау сөз сөйлеп, «Q» рейтингі бойынша 175-ші орында және әлемнің үздік 200 университетінің қатарына кіретін жетекші қазақстандық университетпен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ректор қатысушыларды университет қызметімен таныстырып, оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша тренинг өткізді. Профессор Исмаил Юксель өз сөзінде инновациялық әзірлемелер тақырыбына кеңінен тоқталып, пікірталас барысында заманауи білім беру саласы жаңаша көзқарас пен оқытудың тың әдіс-тәсілдерін қажет ететінін баса айтты.

«Antalya Bilim University» проректоры Хамза Кандур тренинг барысында баяндама жасап, көптеген тәжірибесін ортаға салды. Тың ойлары мен білім саласындағы жаңаша ізденістері көңіл көкжиегімізді кеңейтті.

 

Туысқан елдің білім беруі жөніндегі мәліметтер

Осы орайда Түркиядағы жоғары білім беру туралы мәліметтерді толығырақ айта кеткен артық болмас. 

Университеттер саны 207 (негізгі университеттер 74, негізгі кәсіби училище 4, мемлекеттік университеттер 129) құрайды. Студенттер саны 8 241 015 (бакалавриат 4 676675 (57%), маман дәрежесі 3 114623 (38%), магистратура бағдарламасы 343 569(4%), докторантура 106 148(1%)) құрайды.  Халықаралық студенттер саны 224 048. Қазақстан студенттері санын  2 911 құрайды. 

 

Тренингтер болашақ маманның  шыңдалуына  зор қолдау

Академиялық қызметкерлер саны 181 373 (профессор 31 488, доцент 59 796, лекторлар 37 981, ғылыми қызметкер 52 108) маманды құрайды.

Академиялық персонал жынысы бойынша: ерлер 98 691 (54%); әйелдер 82 682 (46%) құрайды.

Технопарктер және инновациялық орталықтар жайлы мәліметтер айтуға болады. Соңғы жылдары университеттер жанынан құрылған мекемелерге технопарктер қосылған. Сондықтан болар бүгінгі таңда Түркияда технопарктер ерекше артықшылықтарға ие. Ұлттық инновациялық университеттер арасындағы жүйеге де көңіл толады.

«Классикалық білім беруді сақтап, оны әр оқушы қолданатын озық технологиялармен байланыстыру керек. Сапаны жақсарту үшін әрбір студентке жеке көзқарас қажет, барлығынан бірдей шешімдерді талап етуге болмайды», – деді профессор Исмаил Юксель.

Тренингте «Antalya Bilim University» проректоры Хамза Кандур Түркияның жалпы ғылым мен білім саласындағы жаңалықтарына тоқталып, университет жетістіктерін атап өтті. Толағай табыстарға жетудің үздік үлгілері де ұсынылды. Білім мен ғылым ұштасқан кезде ғана толыққанды шәкірт дайындауға жол ашылады екен-ау. Проректор Хамза Кандурдың баяндамасынан тағы бір көңілге түйгеніміз, бакалавриатта 19 бағдарлама барлығы, оның ішінде Бизнес және әлеуметтік ғылымдар факультеті алдыңғы орында тұрғаны. Атап айтсақ:

– Экономикa 

– Бизнес-әкімшілендіру

– Саясаттану

– Халықаралық қатынастар

– Психология

Қысқа мерзімді 14 бағдарлама да (сот төрелігі, компьютерлік бағдарлама, аспаздық, құрылыс техникасы, ұшуды басқару, ауыз қуысы мен тіс денсаулығы, фельдшерлер, физиотерапия, медициналық бейнелеу әдістері, медициналық зертханалық әдістер, диализ, анестезия, үй-жайларға операциялық қызмет көрсету, оптика) бар. 

Екі магистратура бағдарламасы жаңашылдық баспалдағы тәрізді:

1) Диссертация мен магистратура 12 бағдарлама аясында жүргізіледі: жеке құқық (түрік тілінде), жария құқық (түрік тілінде), әлемдік саясат және халықаралық қатынастар (ағылшын тілінде), әкімшілендіру бизнесі (ағылшын тілінде), әкімшілендіру бизнесі (түрік тілінде), электрлік және компьютерлік инженерия (ағылшын тілінде), азаматтық құрылыс (ағылшын тілінде), азаматтық құрылыс (түрік тілінде), кибер-қауіпсіздік (ағылшын тілінде), сәулет (ағылшын тілінде), клиникалық психология (түрік тілінде),  физиотерапия және оңалту (түрік тілінде) бар.

2) Диссертациясыз магистратураға 9 бағдарлама жасалған: (жеке құқық (түрік тілінде), қоғамдық құқық (түрік тілінде), әлемдік саясат және халықаралық қатынастар (түрік тілінде),  әкімшілендіру бизнесі (ағылшын тілінде),  әкімшілендіру бизнесі (түрік тілінде), азаматтық құрылыс (ағылшын тілінде), кибер-қауіпсіздік (түрік тілінде), еңбекті қорғау магистрі (түрік тілінде), материалдар туралы ғылым магистрі (түрік тілінде)) бар.

 

Бизнес-әкімшілендіру докторантурасы (түрік тілінде). Жалпы студенттер саны: 5 756. Шетелдік студенттер саны: 775. Шетелдік студенттерді қабылдау әр жыл сайын жоғарылап келеді екен (2018 жылы 198 студент, 2019 жылы 217 студент, 2020 жылы 302 студент).  Оқуға қызығушылық танытқан елдер санымен  таразыласақ (2018 жылы 75 ел, 2019 жылы 74 ел, 2020 жылы 65 ел) студенттері қызығушылық танытыпты. Кітапхана қоры мен басып шығарылған кітаптар  саны да қомақты– 33 331.  Онлайн база 151,  сынақ базасы 30, аудиовизуалды материалдар 878, электронды кітаптар 174 039, электрондық журналдар 35 035, газеттер 2. Жалпы алаңы  2264 м². Отыратын орындар саны 460-ты құрайды. Қыздарға арналған жатақхана бар.  Сыйымдылығы:  206 шаршы метр.

 

Академиялық қызметкерлер саны да ерекше тоқталуды қажет етеді. Мысалы профессор 61,16%, доцент 22,6%, профессор көмекшісі 128,34%, Лектор 132,35%, ғылыми қызметкер 36,9% пайыздық көрсеткішті құрайды.

Заман талабына сәйкес стоматологиямен жақсы жабдықталған. Азаматтық авиация мектебі және аэродром университетте ұштасып тұр. Университетің ішінде және   маңында мешіт орналасқан.

Пейзажға келсек, жеміс ағаштары 20, сәндік өсімдіктер 79, барлық ағаштар саны 2000-ға жуық. Суару жүйесі  5000 м². Зиянкестермен және түрлі өсімдік ауруларымен күресуге  ерекше көңіл бөлінгені байқалады. Көгал 8000 м², бақша 2000 м². 

Мысалы 250 килограмм зәйтүн майы сол жердегі  зәйтүн ағаштарынан алынады. Сондай-ақ сол жердегі тауықтар мен қаздарға күнделікті күтім,  мысықтар мен иттерге қамқорлық көрсетіледі.

Айта кету керек ҚазҰУ студенттері жыл сайын түрлі мамандықтар бойынша қосымша білім мен тәжірибе алу үшін шетелдік жоғары оқу орнында арнайы тағылымдамадан өтеді. Мәселен биыл ҚазҰУ-дың 100-ден астам студенті Түркияның Rixos қонақүйлер желісінде «Туризм және қонақүй бизнесі» мамандығы бойынша тәжірибеден өтті.

ҚазҰУ басшылығының ұйымдастыруымен Түркияда өткізіліп жатқан тренингтер оқытушылар мен жас ғалымдар үшін  және әр маманның кәсіби шыңдалуына үлкен қолдау болары сөзсіз.

Біліктілікті арттыру курстары барысында қатысушылар жаңа идеяларға талпыныс жасап, өзара пікір алмасып, жаңа байланыстар орнатуға жол ашуда. ҚазҰУ-дың жаратылыстану ғылымдарының оқытушылары Анталия университетіндегі әріптестеріне академиялық және ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды.

Анталия университетінің жетекші профессорларының тренингтеріне қатысу Түркиядағы оқу процесінің ерекшеліктерін зерттеп қана қоймай, білім мен тәжірибені жетілдіруге ықпал етпек.

ҚазҰУ-дың Түркияға барып қайтқан жас ұстаздарының қуанышында шек жоқ. Қаншама тәжірибе жинап, ел көріп, жер көріп қайтты. Ең бастысы білім беру, білім теру – инемен құдық қазғандай екеніне тағы да бір көздері жеткендей болды. «Тағылымдама аясындағы тренингтер біз үшін өте мазмұнды. Анталия Білім университетінің озықтәжірибесін зерттеуге, біліктілігімізді арттыруға тікелей қолдау көрсеткені үшін университетіміздің ректоры Жансейіт Түймебаевқа үлкен алғысымызды білдіреміз» дейді олар.

Айтпақшы Түркия сапарында қос тарап, қатысушылар мен баяндамашылар ұжымы қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, бірлескен ғылыми мақалалар шығару, университеттер арасындағы студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы мәселелерін де талқылады.

Осылайша 2021 жылғы 25-28 қазан аралығында Түркияның жоғары білім беру жүйесінің тренингіне және оның «New Trend» тәжірибесіне қатысып қайттық. Сол жерде тағылымдамадан өткен барлық қатысушыларға халықаралық сертификаттар табысталды.

Қуана айтар тағы бір жаңалық Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының делегациясы   Түркияның ең ірі университеттерінің бірі –  әйгілі білім беру орталығы болып табылатын Ақтеңіз университетінде болдық. Мұнда 50 га аумақта 80-нен астам ғылыми орталықтар, институттар мен мектептер орналасқан. Қазақстандық ғалымдар білім ордасымен танысып, оқытушы-профессорлар қауымымен және студенттермен жүздесті. Кездесу барысында Қазақстандық ұстаздар халықаралық ғылыми және білім беру жобалары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, түрік студенттерін ҚазҰУ-ға оқуға шақырды. Сондай-ақ ғалымдар бірлескен білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жайында әңгіме өрбітіп, әріптестіктің өзге де маңызды мәселелері қозғалды.

Медицина профессоры Мұстафа Кобан өз кезегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көптеген ғылыми бағыттар бойынша үлгі екенін атап өтті. «Қазақ ұлттық университетінің көптеген дамыған ғылыми бағыттары бар, ал халықаралық рейтингтегі орны ерекше. Түркия профессорлары ҚазҰУ ғалымдарының жарияланымдарымен жақсы таныс және бірлескен зерттеулер ұйымдастыруға қатысу біз үшін үлкен мәртебе», – деген пікірін жеткізді.

Бұл түрік университеті өзінің бірегей медициналық факультетімен танымал, онда 2000 орындық жеке аурухана, геронтология, терапия, стоматология, денсаулық сақтау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілетін арнайы жабдықтар мен зертханалар бар.

Кампус аумағы да ерекше назар аудартады. Оған екі үлкен футбол алаңы, бірқатар теннис корттары, стадион, аурухана, егіс алқаптары, мал шаруашылығы және егіншілік аймақтары кіреді екен. Салыстырмалы түрде жас университет өте қарқынды дамып келеді және ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға қай кезде де дайын.

 Сол сапар аясында ҚазҰУ ректоры  Ж.Түймебаев Президенттің «Еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу» деген сөзіне басымдық беріп, осы межеден шығу үшін бірлесе жұмыс істеп, айқын нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін тапсырған болатын. Соның жүзеге асқаны болар ҚазҰУ оқытушыларды Анталия Білім университетіне «Түрік жоғары білім беру жүйесі» біліктілігін арттыру курстарына жіберді. Алдағы уақытта да Түркия білім беру университеттерімен ынтымақтастық жалғас береріне кәміл сенемін.

Д.Р.Тұраров, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының доцент м.а, э.ғ.к.
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 94
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 104
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 566
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 513

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9215
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8611
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11837
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9607
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10820