“QAZAQSTAN DAUIRI” халықаралық газетінің “Ауыл тағдыры — ұлт болашағы” экспедициясы Батыс Қазақстан облысында жалғасуда

“QAZAQSTAN DAUIRI” халықаралық газетінің “Ауыл тағдыры — ұлт болашағы” экспедициясы Батыс Қазақстан облысында жалғасуда

Өңірге жұмыс сапарымен келген басылымның бас директоры, танымал журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ел анасы Сәуле Мешітбайқызын арнайы қабылдаған облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы аймақта атқарылып жатқан ізгілікті іс-шаралармен таныстырды. Сәуле Мешітбайқызы өз кезегінде дәстүрлі эскпедицияның биылғы ерекшелігіне тоқталып, ауыл-аймақтың тағдыры өзін де толғандыратынын жасырмады. Әсіресе, болашағы бұлыңғыр ауылдарды жандандыруға бағытталған облыс басшысының “Қаладан — ауылға” атты пилоттық жобасын ел көлемінде насихаттау қажеттігіне назар аударды. 

Басылым басшысы С.Мешітбайқызы облыстық басқарма басшыларымен, облыс бойынша бала және адам құқықтарын қорғау саласының өкілдерімен, полиция департаменті мамандарымен, аудан әкімдерінің орынбасарларымен жүздесіп, бүгінгі ұрпақтың тәрбиесі, отбасы құндылығы туралы әңгіме өрбітіп, өзекті мәселелерге құлақ түрді. 

Бұдан әрі облыс орталығынан шалғайда жатқан аудандардың бірі — Казталов ауданына ат басын бұрды. Аудандағы Қайшақұдық және Қараөзен елді мекендеріне барып, “Қаладан — ауылға” жобасы арқылы сол ауылдарға қоныстанған жас отбасылардың үйлерінде болды.  

Аймақтағы жұмыс сапарының ойдағыдай өтуіне  атсалысқан облыстық қоғамдық даму басқармасына, “AMANAT” париясы облыстық филиалына, Казталов ауданы әкімдігіне алғыс білдіреміз. Жалпы Батыс Қазақстан облысы бірнеше жылдан бері біздің маңызды экспедициямыздан тыс қалмай, қолдау көрсетіп келеді.

Экспедиция барысындағы облыстың сүйіншілер жаңалықтары мен көкейтесті мәселелері туралы газетіміздің алдағы нөмірлерінен оқи аласыздар.

 

 

17.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 125
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 125

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18791
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18655
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33826
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32370
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36174