Қазақстан шектеу шараларын күшейтеді

Қазақстан шектеу шараларын күшейтеді

Қазақстан коронавирус  инфекциясының жаңа штамының пайда болуына орай 3 желтоқсаннан шектеу іс-шараларын күшейтеді. Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов: «Коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда ағымдағы жылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. Бірінші, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу. Екіншіден, «Омикрон» нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуы енгізіледі. Үшіншіден, «Омикрон»-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс. Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет», –  деді.

Ермек САХАРИЕВ
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5757
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5901
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20878
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19503
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22967