Қазақстанда робототехниканың дамуы

Қазақстанда робототехниканың дамуы

 

Бүгінгі таңда робототехника – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, логикалық ойлауды жетілдіруге және технологиялық білім алуға мүмкіндік беретін тамаша сала! Робототехника еліміз үшін өте жас сала болып саналады. АҚШ, Германия, Жапония сияқты мемлекеттерде бұл сала ондаған жыл бойы тынымсыз еңбектің нәтижесінде жолға қойылған. Әлемде үлкен сұранысқа ие болып отырған робототехника біздің елімізде де дамып келеді. Мамандар мұнымен шұғылдану арқылы баланың ойлау қабілеті өзгеретінін айтады. Сондай-ақ түрлі роботтарды құрастырғанда олар төзімділігін және бастаған ісін соңына дейін жеткізуге машықтанады. Балаларымызды болашақтың мамандықтарына дайындау үшін, оларды ерте жастан бастап робототехникамен таныстыру өте маңызды. Мектептегі робототехника үйірмелерін ұйымдастыры, балаларды қызықтырудың маңызы зор. Робототехника – балалардың ой-өрісін, шығармашылығын және болашақ өмірге дайындық қабілетін дамытатын маңызды бағыт. Робототехника баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Балалар робот құрастыру кезінде әр қимылды жоспарлап, себеп–салдарлық байланыстарды түсінеді. Математика мен информатика пәндерін жақсы түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар шығармашылықты арттырады.  Робот жасау барысында бала өз ойынан жаңа идеялар ойлап табады. Мысалы, жарысқа арналған роботты ерекше етіп құрастыру, оның функциясын өзгерту сияқты. Топта жұмыс істеуді үйретеді. Робототехника сабақтарында балалар көбіне командамен жұмыс істейді. Бұл өзара көмек, пікір алмасу және көшбасшылық қасиеттерін дамытады. Техникалық сауаттылықты арттырады. Балалар заманауи технологиялармен жұмыс істеуді, бағдарламалау негіздерін үйренеді. Болашақта инженерлік немесе IT саласына қызығушылық пайда болады. Шыдамдылық пен жауапкершілікті қалыптастырады. Робот құрастыру кезінде қателіктер жиі кездеседі, сол кезде бала мәселені шешуге, нәтижеге жетуге үйренеді. Болашақ мамандыққа бағыт береді. Робототехника баланы инженер, бағдарламашы, конструктор сияқты техникалық мамандықтарға қызықтырады.

Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдер арасында робототехникаға қызығушылық артып келеді, ал жарыстар мен фестивальдер саны өсуде. Робототехника оқу бағдарламалары жоғары білімде енгізілуде. Өңірлік деңгейде кабинеттер, оқыту орталықтары ашылуда.

Дегенмен де еліміздің барлық мектептерінде бірдей түрде жабдықталған робототехника кабинеттері жоқ. Мамандар дайындау, оқу-әдістемелік база, әрі қаржы мәселелері әлі де жолға қойылмаған. Өнеркәсіп пен робот техникасы арасында байланыс, жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылуы қажет.

Маман пікірі

Айнұр  Халыққызы робототехника бойынша үйірме жетекшісі. Ол  жас жеткіншектерге робототехниканың қыр-сырын үйретеді. Жетекшінің айтуынша, аталмыш сала балаларды болашақта сұранысқа сай маман болуға дайындайды.

«Үйірмеде 18 жасқа дейінгі оқушылар роботтардың түр-түрін құрастырумен айналысады. Мұнда олар қарапайым роботтан бастап күрделі функция атқара алатын құрылғылар құрастырып үйренеді», - деді Айнұр Халыққызы.

Маманнан  робототехникамен айналысудың балаға қандай пайдасы барын сұрап-білген едік. «Робототехника оқушының бағдарламалау мен алгоритмдік ойлау қабілетін, техникалық қиялын дамытады. Бұл іспен үздіксіз шұғылданудың арқасында балада инженерлік қабілеттер де пайда бола бастайды. Үйірме баланың күнделікті бос уақытын тиімді пайдалануға, болашақ мамандық түрін таңдауға, қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасауға көп септігін тигізеді», - деді маман.

Робототехника роботтарды құрастырумен ғана шектелмейді. Оған қоса, қатысушылар роботтың құрылысымен, жұмысымен және қолдануымен айналысады. Бұл сала бағдарламалау, дизайнерлік білім, физика мен математиканы жетік білуді талап етеді. Пішіні әр түрлі роботтарды құрастыра отырып, олар математиканың қажет екенін түсінеді. Себебі кез келген робот қандай да бір істі өз бетімен орындау үшін оған дұрыс жазылған математикалық алгоритм, физикалық білім қажет.

«Балада конструкторларға деген қызығушылық болса, онда робототехника үйірмесіне берген жөн. Себебі үйірмеге конструкторларды құрастыруды ұнататын жеткіншектер қатысады. Олар креативті ойлау қабілетін дамытып, шығармашылықпен айналысады. Бір айта кетерлігі, бала роботтарды алғашқы сабақтарда құрастырады. Сол арқылы оның бұған қызығушылығы бар не жоқ екенін байқауға болады», - деді оқытушы.

Бір айта кетерлігі, роботты бір адам да құрастыра алады. Бірақ оған көп уақыт кетеді. Сондықтан команда болып атқарған дұрыс. Себебі шаруа да жеңілдейді және уақытта да үнемдейді. Мұнда команданың бір мүшесі роботтың дизайнын жасаса, енді біреуі компьютерлік бағдарламасымен айналысады.

«Үйірмеге осыған қызығушылығы бар кез келген оқушы қатыса алады. Бастысы жеткіншектің қызығушылығы болуы қажет. Ал әр деңгейден өткен сайын роботтарды құрастыру да қиындай береді», - деді А.Халыққызы.

Г.Тұрлыбекова

17.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 598
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 763

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19527
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19346
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34471
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33028
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36850