ҚАЗАҚСТАНДА САЙРАМ ТАРИХИ АТАУЫМЕН ЖАҢА БРЕНД ПАЙДА БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА САЙРАМ ТАРИХИ АТАУЫМЕН ЖАҢА БРЕНД ПАЙДА БОЛДЫ
Қазақстанда Сайрам тарихи аймағының атымен жаңа бренд пайда болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
– Құрметті әріптестер, сіздердің назарларыңызға тағы бір маңызды ақпаратты ұсынғым келеді. Қазақстанда жаңадан Сайрам географиялық көрсеткіш тіркелгенін ресми мәлімдейміз! Сайрам – Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық ірі қала. Тарихи нысанның атын насихаттап, сауда-саттықта танымал ету мақсатында өтініш беруші серіктестік нан-тоқаш өнімдерін шығаратын «Сайрам» атауын таңдаған. Осылайша елімізде 5 географиялық көрсеткіш тіркелді. Олар: «Түркістан» балмұздағы, «Түркістан» шоколады, «Алматы апорты», «Қарағанды» балмұздағы және «Сайрам» кексі, – деді Талғат Уәли.
Айта кетейік наурыз айынан бастап тауар таңбаларына жедел сараптама жүргізу қызметі енгізілді. Өтініш берушілерге жеделдетілген сараптама жүргізу арқылы 3 ай ішінде тауар белгілерін құқықтық қорғауға мүмкіндік беріліп отыр. Осыған дейін бұл процедура 7 айға дейін созылатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 534
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 536
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 462

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20855
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20638
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35771
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34294
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38170