ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІН ГАЗДАНДЫРУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  СОЛТҮСТІГІН ГАЗДАНДЫРУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Елдің солтүстігін газдандыру мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Бұл  тұрғындардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, экологиялық жағынан да тиімді болмақ. Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда бұл мәселені шешудің екі негізгі жолы қарастырылып отыр  – отандық газ ресурстары мен Ресейден газ импорттау.

Соның бірі   – «Сарыарқа» жобасы. Бұл магистральды газ құбырының 2-ші  және 3-ші кезеңдері Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды көздейді. Алайда бұл кезеңдерді жүзеге асыру «Бейнеу  – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырының қуатын арттыруға тікелей байланысты.

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, «QazaqGaz» ҰК» АҚ 2026 жылдың соңына дейін қатарлық инвестормен бірлесіп, «Бейнеу – Бозой –  Шымкент» газ құбырының желілік бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Яғни, «Сарыарқа» жобасының Петропавлға дейін келуі бұл жұмыстардың табысты жүзеге асуына тәуелді.

– Сондай-ақ, солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру мәселесі бойынша келіссөз Ресеймен де белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қазақстан мен Ресей арасында 10 млрд текше метр көлемінде газ жеткізу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл бағытта келіссөздер аяқталған жоқ. Қазіргі таңда газдың бағасы мен жеткізу шарттары келісіліп жатыр. Құбыр тарту жұмыстары тараптар арасындағы келісімдер толық бекітілген соң ғана басталмақ. Қазақстандық тарап дайын, тек Ресейдің нақты жауабын күтіп отыр,  –  делінген ведомство ақпаратында.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов елдің солтүстігін газдандыру үшін «Сарыарқа» құбырының 2,3-кезеңдері салынатынын айтқан еді. Оның қашан жүзеге асып, Қызылжар мен Көкшетау өңірлерін «газға қарық қылу» катарлық инвесторларға байланысты болып отыр.

Қалай десек те, егемен ел атанғанымызға 30 жылдан асса да, астықты өңірлердің көгілдір отын игілігін көре алмай, отандық байлықтан тыс қалып, «өгей бала» күйін кешіп отырғаны өкінішті-ақ.

 

Нұрсайын ШӘРІП
15.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 196
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 195
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 210
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 359

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13270
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13249
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28364
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27049
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30544