ҚАЖД МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАЖД МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында сотталған діндарларды оңалту мақсатында 10 маманмен келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт бойынша атқарылатын жұмыстар: шақырылған мамандармен аптасына 1 рет, айына 4 рет, 7 айда 28 рет кездесу ұйымдастырылады. Әр маман кездесулер бойынша сотталған діндар азаматтардың портреттерін, қандай діни ағымды ұстанғанын, кімнің уағызын тындайтынын, қандай кітап оқитынын анықтауда. Сонымен қатар, жоба аясында 2024 жылдың 10 қазан күні республикалық маңызы бар қаладан арнайы ұстаз Имаммәди Түсіпхан шақырылды. Имаммәди Түсіпхан №58, 25 түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта бұған дейін дінтанушы маман Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы және Акимханов Асқар Болатбекұлы, белгілі ұстаз Ризабек Батталұлы шақырылған болатын. Аталған мамандармен №25, 26, 58, 59, 158/4 түзеу мекемелерінде кездесулер өткізілді.

16.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҰН ЗАУЫТЫ ЖЫЛЫНА МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ШЫҒАРУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 39
Жамбыл облысында көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқынды
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 28.01.2025 120
ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 98
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 38
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНІМ ЛАТВИЯНЫҢ НАРЫҒЫНА ШЫҚТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.01.2025 52

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13950
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12770
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16029
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14933
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19983