Үкімет отырысында елдегі эпидахуалды тұрақтандыру бойынша Үкімет алдында тұрған басты міндетті атаған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин: «Жалпы эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты. Өңірлердің бәрінде де вирус жұқтыру деңгейі біршама төмендеді, ауыр науқастар мен стационарда, амбулаторияда емделіп жүргендер саны азайды. Дегенмен, 6 өңір әлі де «қызыл аймақта». Бұл – Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қазір біздің алдымыздағы басты міндет – 60 пайыздық ұжымдық иммунитетке қол жеткізу. Вирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін 8 миллионнан астам адам, екінші компонентін 7,2 миллионға жуық адам алды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта тұмауға қарсы егу науқаны жүруде. 1,4 млн адам тұмауға қарсы екпе алды. Жалпы, екпе науқаны бойынша жұмысты жалғастыру қажет», — деп түйіндеді сһзін.