Қобыз – діліміз, домбыра – тіліміз, шаңырақ – дініміз

Қобыз – діліміз,  домбыра – тіліміз, шаңырақ – дініміз

Жақында Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен қолөнер шебері Пахриддин Шәмшідінұлы  Садықовтың «Қолөнерден өнеркәсіпке» атты  көрмесінің ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, халық арасында кеңінен насихаттау. Бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп,  кәсіп ретінде дамыту. Келешек ұрпақты шығармашылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. 

Көрмеге Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Қазбекова Мира, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» Қазақстан Суретшілер, Қолөнершілер одағының мүшесі Маханбетов Жәнібек және халық ақыны Манап Көкеновтің інісі Құттықожа Көкенов, Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Сыздықов Әбілқайыр,  Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкері Перизат Құрманәліқызы және Қазақстан Қолөнершілер, Суретшілер одағының мүшелері, өнер иелері, туыстары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен аудан, қала тұрғындары қатысты.

Бүгінгі  көрмеге  40-тан аса кәдесый, ағаш бұйымдары қойылды. Ағаштан небір мүсін, оюлап-өрнектеп жиһаз жасайтын айтулы шебер «қобыз – діліміз, домбыра – тіліміз, шаңырақ – дініміз» деп осы үшеуін де қастерлеп мүсіндеген. Пахриддин Шәмшідінұлы кемел шағында, алдағы уақытта халқын өрісті өнерімен қуанта берері сөзсіз. Халқымыздың көне дәуірден келе жатқан дәстүрлі қолданбалы өнері – мүйіз, тері, ағаш өндеп іске жарату кәсібімен айналысады. Шебердің өнегелі өнері кемелдене келе халықтың сұраныстарына орай ағаштан үй жиһаздарын жасайтын болды. Өнері кәсіпкерлікке айналды.

 Пахриддин Шәмшідінұлы 1967 жылы Жаңақорған ауданы Манап Көкенов атындағы ауылда дүниеге келген. 1974 жылы №160 Талап орта мектебінің табалдырығын аттап, 1982 жылы мектепті бітірді. Мектеп бітіргеннен кейін аудан орталығындағы №17 кәсіптік училищеге түседі. 1990 жылдардан бастап түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып келеді.

Көрме, ақпан айының 20-на дейін келушілерге қызмет көрсетеді. С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы көрмеге қызығушылар үшін 10 күн қызмет көрсетуге дайын.

БЕЙБІТБЕК БҮРКІТБАЙҰЛЫ
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509