Қоғамдық кеңестің құрамын бекітуге билік араласпайды

Қоғамдық кеңестің құрамын бекітуге билік араласпайды
 

Әлеуметтік желіде, кейбір БАҚ беттерінде жарияланып жатқандай Жамбыл облысының әкімі облыстық мәслихат депутаттарын екіге бөлді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жамбыл облыстық мәслихаттың кезекті ХV сессиясында «Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесі» құрамын бекіту мәселесінде депутаттар арасында келіспеушілік туындады.

Сессия облыс әкімінің  емес, облыстық мәслихаттың төрағалығымен өтті, Бердібек Сапарбаев аймақ басшысы ретінде басқосуға қатысып отырды.

Сессия барысында қаралған бірнеше мәселенің бірі – облыстық Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту. Бұл мәселе бойынша мәслихат депутаты,  Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі комиссия төрағасы Ерқанат Манжуов баяндама жасады. Ол ұсынылған 15 адамға тізім бойынша толықтай дауыс беруге шақырды. Облыстық мәслихаттың хатшысы, сессия төрағасы Махметғали Сарыбеков әрбір үміткерді қоғам, депутаттар дұрыс танымайды, сол себепті жеке-жеке дауыс беруге ұсыныс білдірді, бұл ұсынысты депуттардың басым бөлігі қолдады.

Жекелей дауыс беруге келіспей, қарсы болған облыстық мәслихат депутаттары Е.Манжуов, Е.Саурықов, Б.Тлебаев, С.Рысбаева,  Ш.Егембердиев, Т.Жолтаев орындарынан тұрып, залдан шығып кетті.

Сессияда қалған 22 депутат дауыс беру тәртібі бойынша әрбіріне жеке-жеке дауыс берді. Көпшілік ұсыныспен 15 үміткердің 11-і Қоғамдық кеңестің мүшелігіне өтсе, 4 адам өтпеді. Облыстық мәслихаттың сессия шешімі бойынша облыстық қоғамдық кеңеске 11 адам сайланды. Бұдан бөлек, ережеге сәйкес конкурстан тыс екі адам өтті.

Айта кетейік, Қоғамдық кеңесті бекітуге арналған конкурс бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен, мәслихат БАҚ-қа хабарландыру береді. Хабарландыру бойынша конкурс арқылы комисссия және байқаушылардың құрамы мәслихат хатшысының шешімен бекітіледі.

Жергілікті билік, яғни, облыс әкімі бұл конкурсқа араласпайды. Кандидаттар тізімін жасақтау жұмыс тобының құзырында. Облыс әкімі сессияға дейін де, сессия барысында да комиссияның жұмысына немесе депутаттардың дауыс беру құқығына араласқан жоқ. Жергілікті халықпен кездесулерде тұрғындар тарапынан Қоғамдық кеңестің құрамы мен жұмысына қатысты көптеген ұсыныс-өтініштер айтылатын ескеріп, депутаттарға бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауды жеткізді.

Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі комиссия ашық дауыс беру арқылы облыстық мәслихатқа Қоғамдық кеңес мүшелерінің тізімін ұсынады. Құрамды бекіту немесе бекітпеу мәселесін мәслихат шешеді. 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
05.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 496

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807