Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – ортақ міндет

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – ортақ міндет
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
➤ Кеңеске құқық қорғау органдарының өкілдері, басқарма басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, ЖОО ректорлары қатысты.
➤ Күн тәртібінде алаяқтықтың жолын кесу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, бұрын сотты болғандардың қылмысқа қайта баруының алдын алу және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды оңалту, әлеуметтік қолдау шаралары қаралды. Бұл бойынша облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мақсат Қанапяев, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Жаныбек Қосжанов сөз сөйледі.
➤ Комиссия отырысында көтерілген мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасады.
➤ Облыс әкімі интернет алаяқтықтың жасалу жолдарына талдау жүргізіп, нақты шаралар қабылдауды, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
➤ Бұдан бөлек, есірткімен байланысты қылмыстар санының артуына қатысты жұмыс тәсіліне өзгерістер енгізуді ұсынды. Түзету мекемелерінен босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу үшін жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді міндеттеді.
➤ Кеңес қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – ортақ міндет екенін алға тартып, құзырлы орган басшыларын жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Жамбыл Облысы Әкімдігі
09.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 54
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 580
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 694
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 609
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 618

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8154
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11383
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9137
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10368