«ҚОЛА ДОМБЫРА» – шымкенттік оқушыда

 «ҚОЛА ДОМБЫРА» – шымкенттік оқушыда

Шымкенттегі №137 мектептің 6-сынып оқушысы Әли Ислам республикалық доданың бас БӘЙГЕСІ – «Қола домбыраны» иеленді. Ол 2022 жылдан бері Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің Айтыс сыныбына қосымша сабаққа барып жүр. «Егемендігім – елдігім!» атты республикалық айтыс елорда төрінде биыл алғаш рет өтті. Бас бәйгеге, әрине, «Қола домбыра» тігілді. 

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы бірлесіп ұйымдастырған бұл бәсекеге еліміздің 20 өңірінен 12-18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысты.

Бұл жобаның жетекшісі – айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы. Бәйгенің мақсаты – Егемен еліміз жеткен жетістіктерді насихаттау, мектеп қабырғасындағы жас ақындардың ішкі мүмкіндігін ашып, талабына қанат бітіру,  жасөспірімдер арасынан жаңа есімдер тауып, дарынды жастарды қолдау.

Айтулы өнерді қолдап, бәсекелі бәйгеге ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов арнайы қатысып отырды. 

Жас жүйріктердің сайысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов (төраға), «Алтын домбыра» иегері Еркебұлан Қайназаров, айтыскер ақындар Иран-Ғайып Күзембаев пен Өміржан Көпбосын, «Еl umiti» қорының Медиа бастамаларды жүзеге асыру орталығының басшысы Азамат Оңайбаев төрелік жасады.

Ақтық сынға шыққан шымкенттік 5-сынып оқушысы Ислам Әли Біржанұлы мен маңғыстаулық 11-сынып оқушысы Байжігіт Бейбіттің өнері ел назарын бірден баурап алды. Екеуі жас ерекшеліктеріне қарамай түрлі әлеуметтік тақырыптарды әзілмен астарлай отырып жеткізді. Байқау соңында барлық қатысушы ақындарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлық беріліп, ақындардың тәлімгер-ұстаздарына ҚР Оқу-ағарту министрінің «Алғыс хаты» табысталды.

Айтыстың қорытындысы бойынша: БАС жүлде (500 мың теңге және «Қола домбыра») – Ислам Әли Біржанұлы, (Шымкент қаласы); I орын (500 мың теңге) – Бейбіт Байжігіт, (Маңғыстау облысы); ІІ орын (екеу, 300 мың теңгеден) – Арай Нұрадин (Ақтөбе облысы), Айғаным Мақсұтханова (Астана қаласы); ІІІ орын (үшеу, 150 мың теңгеден) – Рауан Нұршабеков (Алматы облысы), Нұрислам Рогатов (Қостанай облысы), Ерасыл Сейітжанұлы (Алматы қаласы); «AMANAT» партиясының арнайы жүлдесі (Apple iPad планшет) – Нұрахмет Мансұр  (Қызылорда облысы); Қаныша Райысова атындағы арнайы жүлде (100 мың теңге) – Інжу Жаңабай (Жамбыл облысы); 

Есенқұл Жақыпбек атындағы арнайы жүлде (100 мың теңге) – Абылай Қайратұлы (Астана қаласы); Нартай Бекежанов атындағы арнайы жүлде (100 мың теңге) – Марсель Ерсайынов (Атырау облысы); «El umiti» корпоративтік қорының арнайы жүлдесі (үшеу, 100 мың теңгеден) – Толғанай Шалқарқызы (Абай облысы), Нұртөре Мықтыбай (Түркістан облысы), Айбарыс Сауытқан (Алматы қаласы). 

Одан бөлек халықтың ыстық ықыласына бөленген қатысушы ақындарға «El umiti» қорының арнайы жүлдесі (50 мың теңгеден) мен сыйлықтар табысталды. Жас айтыскерлерді марапаттау салтанатында сөз алған ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушылары арасында өтетін бұл айтыстың ауқымын алдағы жылы кеңейте түсетінін айтты. Ал Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысының жыл сайынғы жеңімпазына ЕҰУ-дан білім гранты берілетінін жеткізді.

 

 

 

Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы
13.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 18
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 564
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 679
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 591
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 602

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8736
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8138
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11367
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9120
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10351