Қолөнерге қолдау керек

Қолөнерге қолдау керек
Өткенде Әлеуметтік мәдени даму комитетінің отырысында креативті индустрияны дамыту мәселесін талқыладық. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов шығырмашылық индустрияны дамыту үшін таланаттарды тартып, қор құру жұмысы қолға алып жатқанын жеткізді. Оған қатысты депутаттар тарапынан біраз сын айтылды.
«Жалпы креативті индустрияны дамытамыз деп, ақшаны желге шашпаймыз ба?» деген сұрақ туды.
Сондай-ақ, креативті индустрияның қатарына халық қолөнерін кіргізген екен. Жалпы қолөнер бұған дейін кәсіпкерлік, туризм салаларының қатарында болған.
Әрбір ұлт пен ұлысты бір-бірінен даралайтын тілі мен ұлттық болмысы, мәдениеті мен өнері, оның ішінде – қолөнері. Бұған дейін әр саланың жетегінде кеткен қолөнерімізді енді креативті индустирияның қатарына қоссақ не болмақ?
Жалпы, халық қолөнері өз алдына жеке дара сала болып қалыптасуы керек емес пе? Сондықтан қолөнерді қолдау керек, бұл үшін арнайы заң керек!
Guldara Nurumova
11.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3954
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4138
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19073
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17745
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21174