Қордай ауданында асар әдісімен 15 отбасына үй салу жоспарлануда

Қордай ауданында асар әдісімен 15 отбасына үй салу жоспарлануда

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында Қордай ауданында тұрмысы төмен азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ағымдағы жылы асар әдісімен 15 үй салу жоспарланған десек, жыл басынан бері 2 отбасы қоныс тойын тойлап үлгерген. Сұлутөр ауылдық округінің әкімі Нұрлан Байсалдың айтуынша, ежелден келе жатқан игі дәстүрді жаңғырту жобасының басты мақсаты - мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету ғана емес, халықты бірлікке жұмылдыру. Аталған ауылдағы 2 баланың анасы Гүлжан Тұрлықожаеваға ауылдастары жаңа үй тарту етті. Бұған дейін ол балаларымен бірге тар, қолайсыз үйде тіршілік етіп келсе, енді барлық жағдай жасалған, кең ауласы бар, төрт бөлмелі жаңа үйдің иесі атанып отыр. 
Ауыл жастарының бастамасымен жалғызбасты анаға үй алып беру үшін қаржы жиналған. Оған ауылдықтар жабыла атсалысқан. Осылайша тұрғындар бір-екі айдың ішінде екі жарым миллион теңге жинады. 

- Жолдасым көлік апатынан қайтыс болған соң, мен екі кішкентай баламен жалғыз қалдым. Ауылдықтар менің қиын өмірлік жағдайға тап болғанымды біліп, ақша жинап, осы жайлы үйді сатып алып берді. Көмек қолын созғандардың барлығына алғыс айтамын. Халқымыздың күші - бірлік пен қайырымдылықта. Кейін менің балаларым да мұқтаж жандарға көмек көрсететін болады, – дейді Гүлжан Тұрлықожаева.

Айта кету керек, жаңа қоныс той иесінің жұмысқа орналасуына көмек көрсетілген. Қазір ол эколог болып жұмыс істеуде.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 94
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 207
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 421
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 384
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1003

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10684