ҚОРДАЙЛЫҚТАР ТҮРКИЯҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

 ҚОРДАЙЛЫҚТАР ТҮРКИЯҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Түркияның Кахраманмараш, Газиантеп, Османие, Диярбакыр, Шанлыурфа провинцияларында болған жер сілкінісінде зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетуді қордайлықтарда қолға алды.
Масаншы, Сортөбе, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 және Бұлар батыр ауылының ерікті жастары мен кәсіпкерлері Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 2 млн 500 мың теңге көлемінде жылу жинап, бүгін қажетті заттар тиелген жүк көлік жолға шықты. Тұрғындар қолдан келгенше жылы киімдер, аяқ-киім, төсек-орын, күнделікті тұрмысқа қажет заттар, жеке бас гигиенасына арналған бұйымдарды алды. Айта кетейік, мұндай қайырымдылық шараларды ауданымыздың басқа ауыл азаматтары да қолға алып, қаржылай көмек көрсетуді ұйғарып отыр.
Қордай ауданының әкімдігі
11.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5075
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5241
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20200
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18844
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22299