Көптен бері көтеріліп жүрген мәселелер өз шешімін тауып жатқаны халықтың билікке деген оң көзқарасын қалыптастырып отыр. Бүгін Қаракемер,Ақбастау,Аса ауылдық округтерінің тұрғындарымен өткен жылдың қорытындысы бойынша кездесу өткізіп, жұртшылықтың айтқан ұсыныс-пікірлерінің орындалуы бойынша және аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндадым.
Бірқатар жұмыстар жасалды. Алда үлкен міндеттер бар.
Аудан азаматтарының талап-тілектері де хаттамаға түсірілді. Енді кезекте жыл ішінде бұл жұмыстардың да сәтті аяқталуына жұмыс жасауымыз қажет.