Қос аудандағы жаңа вокзалдар

Қос аудандағы жаңа вокзалдар

Атырау облысының Ганюшкин (Құрманғазы ауданы)  және Аққыстау (Исатай ауданы) ауылдарында қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Аралбай Қосымбаев қатысты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде көлік саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Республика бойынша 100-ден астам теміржол вокзалы жаңғыртылуда, оның тоғызы Атырау облысында орналасқан. Бүгін заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған жаңа вокзалдар пайдалануға беріліп отыр. Бұл – өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, көлік қатынасының қолжетімділігін кеңейтуге және қызмет көрсету деңгейін жақсартуға бағытталған маңызды жоба, – деді Қайрат Нұртаев.

Ганюшкин ауылындағы теміржол вокзалы Қазақстанның батыс қақпасындағы маңызды көлік тораптарының бірі саналады. Ал Аққыстау ауылындағы вокзал ұзақ жылдар бойы аудан тұрғындары мен жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. Қайта жаңғырту нәтижесінде екі нысан да заманауи талаптарға толық сәйкестендіріліп, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ана мен балаға арналған арнайы бөлмелер жабдықталды. Сонымен қатар жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасалды. Жоба «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Салтанатты шара барысында Қайрат Нұртаев өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін мердігер ұйым – «Батысстройсервис» ЖШС ұжымына алғыс білдіріп, құрылыс жұмыстарына қатысқан мамандардың еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ ауданның бірқатар теміржолшылары мен құрылыс компаниясының қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Айта кетейік, өткен жылы Атырау облысында тоғыз теміржол вокзалын жаңғырту және қайта реконструкциялау жұмыстары басталған болатын. Қазіргі уақытта Атырау қаласы, Мұқыр және Жамансор ауылдарындағы вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.  Сонымен қатар Сағыз, Доссор және Исатай елді мекендерінде жаңа вокзал ғимараттарының құрылысы жүргізілуде. Барлық нысандарды биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

А. ХАМИТТЕГІ,

Атырау облысы

 

02.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26188
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25637
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43024
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43430