Қос білім ошағы пайдалануға берілді

Қос білім ошағы пайдалануға берілді

Жаңа оқу жылында батысқазақстандық білім ошақтары да оқушыларға есіктерін айқара ашты. Білім күнінде пайдалануға берілген жаңа мектептер балалардың бақытын еселей түскені сөзсіз.

Атап айтсақ, облысымызға қарасты Казталов және Бәйтерек аудандарында қос бірдей жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бәйтерек ауданындағы Байқоныс ауылында Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің оқушылары мен ұстаздары кезекті оқу жылын жаңа ғимаратта бастады. Мектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев оқытушылар мен шәкірттерді, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ардагер ұстаз Қуаныш Таубай жерлестері үшін бұл оқиғаның тарихи сәт екенін жасырмады. Су жаңа мектептің кілтін  «Antarium   Group»  ЖШС бас директоры Ерлан Атажан табыстады.

Заманауи білім беру талаптарына сай толық жабдықталған кең әрі жарық жаңа мектепте STEM, робототехника, визуалды дизайн, хореография кабинеттері, ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған сенсорлық және инклюзивті оқу бөлмелері, спорт және акт залдары бар.  

Казталов ауданына қарасты Қоныс ауылында пайдалануға берілген жаңа мектеп 60 балаға арналған. Білім ордасының салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев бұл игі істің мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы тиімді серіктестіктің нәтижесі екенін атап өтті. Себебі, бұл нысан «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі аясында бой көтерген болатын. Сонымен қатар салтанатты шарада өңір басшысының атынан мектеп ұжымына LED экран сыйға берілді. Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов мердігер «Smartech» ЖШС директоры Жәнібек Байғатовқа мектеп құрылысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтағаны үшін Алғыс хат табыс етті.  

Ұстаздар мен оқушыларды құттықтаған ардагер ұстаз Жауһар Сапарғалиева бұл күннің тарихи маңызы зор екенін айтты: 

– Жаңа мектеп – болашақ ұрпаққа жасалған зор қамқорлық, ел ертеңіне деген жанашырлықтың жарқын көрінісі. Бұл қуанышты сәт тарихымыздың жарқын беттерінің бірі болары сөзсіз, – деді жүрекжарды лебізін жеткізген ұлағатты ұстаз.  

Тарихқа көз жүгіртсек, Қоныс ауылында алғашқы мектептің іргетасы 1948 жылы салынған екен. Бастапқыда жеті жылдық мектеп болып ашылып, әр жылдары түрлі құрылымдық өзгерістерге ұшыраған білім ордасы 1979-1980 оқу жылында орта мектеп болып қайта құрылып, 1980 жылы алғашқы түлектерін ұшырған. Заман талабына сай жабдықталған білім ордасында 11 оқу кабинеті, спорт залы, асхана, кітапхана, мәжіліс залы қарастырылған.    

Қос білім ошағы да Мемлекет басшысының үш ауысымды және апатты мектептердің санын азайту туралы тапсырмасына сәйкес салынды. Жалпы Батыс Қазақстан облысында барлығы 379 мектеп жұмыс жасайды. Оларда 126 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал Казталов ауданындағы 35 мектепте 5 мыңнан астам бала оқиды.   

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Батыс Қазақстан облысы

 

06.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17201
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17050
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30821
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34466