"Қош келдің, әз-Наурыз!"

"Қош келдің, әз-Наурыз!"
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы ауданымызда Қайрат ауылындағы Б.Момышұлы саябағында кең көлемде аталып өтті. Мереке қайырымдылық шарамен басталды. Аудан әкімі мен аппарат қызметкерлерінің демеушілігімен бір жылқы малы сойылды. Бір қап (50 кг) ұн, бір қап (25 кг) шекер, сұйық (5 литр) май және 15 кг еттен аудан орталығы мен ауылдық округтерден жалпы 24 аз қамтылған отбасына таратылды.
Алдымен аудан әкімі Жалғас Мұртаза мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау сауап іс екенін және адами парызымыз екенін айта келіп, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Б.Момышұлы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Дәуренов бата беріп, ауылдық округтердің аппарат қызметкерлері азық-түліктерді көліктеріне тиеп, таратуға жолға шықты.
Жуалы ауданы әкімдігі
21.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5234
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5393
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20357
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18993
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22458